«Ай мен Айша». Үлкен империямен күрескен кішкентай адамдар
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының «Ай мен Айша» қойылымы биыл Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылыпты. Театр өнеріне Мемлкеттік сыйлық соңғы рет қай жылы берілгені есімізде жоқ. Тәуелсіздік жылдарында еліміздегі бірегей сыйлыққа ие болған спектакль жоқ болуы да мүмкін. Демек, биыл айтулы сыйлықты театр майталмандарының ерен еңбегіне берген дұрыс деп ойлаймын. Өнердің барлық саласы өз уақытында еленіп, тиісті бағасын алуы керек. «Ай мен Айша» – соңғы жылдары сахналанған ең үздік драмалардың бірі десек болады.
Қазақтың айтулы перзенті Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» өмірнамалық романын білмейтін оқырман кемде кем. Ондағы Айша, Барысхан секілді кейіпкерлердің өміріне үңіліп, ерліктеріне тәнті болмаған, қайсарлықтарына қуанбаған оқырман аз шығар. 1937-38 жылдардағы қызылдардың репрессиясын, аштық пен соғысты арқау еткен шығарма – әдебиетіміздегі үздік туындылардың бірі. Әуезов театры жазушының «Ай мен Айша» мен «Мылтықсыз майдан» повесін өзек етіп, эпикалық қойылымды көрерменге ұсынған болатын. 2015 жылы сахналанған қойылымға автордың өзі қатысып, «өзінің ғана емес, зобалаң жылдарды көзімен көрген миллиондаған адамның тағдырын арқау еткен» қойылымға алғысын білдірген болатын. Сол қойылымның өңделген нұсқасы театрда қайтадан жаңғырып, көрерменнің көзайымына айналып үлгерді.
Драманың режиссері – белгілі актер, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тұңғышбай әл-Тарази. «Томирис», «Қазақтар», «Аршын мал алан» секілді эпикалық қойылымдары арқылы күллі көрерменді ерекше тәнті еткен режиссердің «Ай мен Айшаны» сахналауы тегін емес. Режиссер әл-Тарази сахна өнеріне жаңа екпін, өзгеше көзқарас сыйлаған суреткер. Оның қойылымдары көрерменді сахна өнерінің биік парасатына тамсандырады. Қандай туындыны сахналаса да, драманың сюжеттік құрылымының беріктігіне мән беріп, әр кейіпкерінің өсу, жетілу процесін, шығандау шақтарын ұмыт қалдырмайды. Біз сөз етіп отырған қойылымда Айша (Дәрия Жүсіп) өзінің әу бастағы темпераментінен әр көрініс сайын асып түседі. Айшамен бірге көрермен от кешеді, арпалысады, оның лаулаған болмысын, ішкі күйзелісінің тынысын бірге сезіп отырады. Барысхан (Елжан Тұрыс), Нұрперзент (Ермек Бектасов), Қамқа (Гүлнәр Жақыпова), Мамай (Айдос Бектемір) секілді кейіпкерлері де сондай. Сахнадағы көрініс өзгеріп, сюжет құбылған сайын бұл кейіпкерлер де жетіліп, дамып отырады. Олардың ойынындағы жасандылықсыз ырғаққа тәнті бола отырып, халықтың басынан өткен алмағайып сәттің осыншама ауыр болғанына күйінесің. Кез келген кейіпкермен бірге көрермен тарихпен сырласады, «біз солардың ұрпағымыз ғой» деген сөз тіл ұшына орала береді... Айталық, бала Барысханның ауыл бригадирі Тасбетпен (Жандарбек Садырбаев) алысып, оның алқымынан алуы, Мамайдың Тасбетке қарсы тұрып, Айшаны қорғауы, Айшаның жалғыз құнажынын коллективке өткізбей, халыққа сойып беруі сияқты көптеген сахналар көрерменнің кейіпкерлермен бірге оқиға ортасына енуіне ықпал етеді. Мұндай драмалық көріністер қойылымда өте көп. Барысхан мен Нұрперзенттің оқиға жүлгесінің иіріміне қарай бірі Сталинді, бірі Гитлерді қарғауы да көпшілікті ойландырады. Бала болса да, екеуі екі диктатордың зобалаңын көргендер. Қиырда жатып, үлкен саясаттың құрбаны болғандар. Олармен бірге Сіз де бүкіл әлемді өртке ораған тұлғаларға нәлет айтпай тұра алмайсыз.
Жазушының екі шығармасын пьесаға айналдырған – белгілі драматург Еркін Жуасбек. Еркін Тілеуқұлұлының бұған дейін де талай пьесасы республикалық театрларда сахналанғанын білеміз. «Ай мен Айша» мен «Мылтықсыз Майданның» сюжетін сүзгіден өткізіп, екі отбасыға жинақтап, драмалық шиеленісті жасап шығару үшін драматургтің көп ізденгені бірден аңдалады. Мұртаза (Жалғас Толғанбай) ұсталған соң оның ағасы Мамай отбасы Айшаның қамқорына айналады. Ұлы Орақ соғысқа кетіп, мерт болғанда Айша Қамқаның, Қамқа Айшаның мұңдасы, бір-бірінің арқа сүйері болады. Бұл линия қойылымның соңына дейін арқауын үзбейді. Екі ана. Бірі жарынан, бірі ұлынан айырылған, солардан қалған ұрпақты жеткізсем, ошағының отын өшірмесем деп арпалысытаны екі бейбақ. Айша мен Қамқаның рөлін Дәрия Жүсіп пен Гүлнәр Жақыпова ерекше кейіптеген. Екінші Дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығы қарапайым отбасыларға қандай қиындық туғызғанын екі кейіпкердің мінезінен сәт сайын аңдалып тұрады. Күңірене жүріп, атар таңға үміт артады. Боздай жүріп, балаларын бауырына басып, аруанадай қамқор болады. Драматургтің екі шығармадағы кейіпкерлерді іріктеп, өрімі бөлек пьесаға айналдыруы кәсібилік десек, қателеспейміз. Қойылымды көрген сәтте Айша мен Қамқа образдарының ажырамас бүтіндігін аңдайсыз. Олар бірін бірі толықтырып, бірін бірі жетілдіріп тұрғандай әсерге бөлейді. Қойылым кішкенатй адамдардың алып империямен іштей күресін көрсетеді. Мұндағы әр кейіпкер біліп-білмей Совет одағымен тайталасып күн кешеді. Олар жеңеміз деп емес, жеңілмеу үшін барын салады. Ұрпағын қорғау үшін барлық қиындыққа қайыспай қарсы тұрады.
Бұл қойылымда суретшінің еңбегі бөлек екенін айрықша айтуға тиіспіз. Қоюшы-суретші – М. Сапаров қойылымның арғы өзегін терең зерделегені шын. Әу баста үлкен экраннан Совет одағының шеруін көрсетеді. Қойылым аяқталғанша экраннан драманың идеясын айшықтайтын көріністер (бұлтты аспан, Ай, құстар, т.б.) үздіксіз беріліп тұрады. Экран арқылы алып империяның саясаты мен кішкентай адамдардың тағдырын қосымша байқап отырасыз. Ал сахна ортасындағы сұр қақпа – «арғы әлем» (саясат) мен «бергі әлем» (екі отбасы) ортасындағы өткел сынды. «Арғы әлемде» алай-дүлей боран, бұрқасын, аштық, соғыс, ал «бергі әлемде» сол дауылдың бәріне жонарқасын тосқан кішкентай адамдар – қауқарсыз екі отбасы. Кейіпкерлердің алапат аштық пен соғысқа ешқандай қатысы жоқ, олар қолдан ештеңе жасаған жоқ, өзінің қоңыр тірлігін өткеріп жатқан тұрғындар, бірақ қызыл империяның әрбір саясаты қақпа арқылы бейкүнә жандардың ошағына кіріп, ойран салады. Қақпа ашылған сайын жақсылықтың емес, жаманаттың хабары жетеді. Қауқарсыз жандардың одан қорғанар халі жоқ. Әр жолы қақпа ашылғанда тағы қандай зұлмат болар екен деп жаныңызды шүберекке түйесіз. Екі отбасының тілеуін тілеп, бұл сынақтан қалай өтер екен деп қиналасыз. Осы көріністерді көргенде Совет одағы Қазақстанды түрлі сынақтың лабараториясына айналдырғаны еске түседі. Шынымен де, шеңгелінен қан саулаған қызыл империяның әр жаңалығы, әр өзгерісі қазақ үшін қандай зор бодау берумен аяқталғанын білеміз ғой. Сахнадағы сұр қақпа сол ойды ишаралайды.
Айшаның балаларға ертең айтатын сәті бар. Осы кездегі көрініс те көрерменін бір сәт ауыр мұңнан айықтырып, ертеңге сенімін оятады. Жалпы қойылымдағы би пен пластикалық көріністер өте сәтті шыққан. Сахна өнерінің мың иірімді тылсымына шомдырып, драманың философиялық мән-мағынасын аша түсуге айрықша қызмет еткенін айтпасақ болмас.
Ал Айша мен Барысханның боранда адасып, Айша бибінің моласына түнейтін сәті қандай қиын заман болса да, бізді қорғайтын киелі рухтар бар екенін еске салады. Мұндай меңзеулер мен емеуіріндер қойылымда бірнеше рет кездеседі.
Қойылымды қазақ анасының қайсарлығына мадақ жыр десек те болатындай. Айша мен Қамқаның образдары арқылы тұтас қазақ аналарының жанкешті болмысын бейнелейді. Дегенмен, мұнда әкенің отбасындағы орны туралы ойламау мүмкін емес. Мұртазаның НКВД жендеттері ұстап әкетердегі жалғыз сөзі: «Айша, балаларға қорған бол. Атымды өшірме!». Мамай да ұлы орақтың отын өшірмеу үшін күреседі. Мұртазаның бір ауыз өсиеті қойылым бойы жаңғырып тұрады. Қазақ ұрпағымен мың жасауды көздейтін халық. Әке аты өшірмеу үшін күрескен ұрпақтың ұтылғаны жоқ. Әкенің атына жаман сөз келтірмеуді ойлаған бала дұрыс жүруге, адам болуға ұмтылады. Бірақ заман басқа, заң өзге. Жастар үлкендердің көзқарасымен күн кешеді деу де қиын. Олай болуы мүмкін емес. Нұрперзент пен Тотияның оқиғасы, Айдайдың Нұрперзентті оқуға үгіттеуі, Барысханның әмеңгерлікке қарсы шығуы көп жайттан хабар береді. Ескі мен жаңаның тайталасы – тоқтамайтын процесс. Қойылымда оны ұмыт қалдырмайды. Жастардың жаңа заманға сай білім алуға құштар болуы көрерменін тәнті еткенін байқайсыз.
«Ай мен Айша» – өз отбасын қорғауды міндет санаған қауқарсыз адамдардың қайсарлығы туралы хамса-жыр. Отан – отбасынан басталады. Демек, бұл отан туралы жыр. Біз бүгінге қалай жеттік, зұлмат дәуірден қалай аман қалдық, бүгінгі күнге жету үшін қаншама ұрпақ опат болды, қанша ана зар илей жүріп, ұрпағын қорғады, қанша әке өзі өлсе де, ұрпағының тілеуін тіледі – сол жөнінде шерге толы сыр ақтарған қойылым.
Дәулетжан МАХМҰД,
кинорежиссер, драматург
Дереккөз: "Адырна" ұлттық порталы.