№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖОМАРТТЫҚ ЖАСАП, ОНЫ ЖАРИЯ ЕТУДІ ҚАШАН ҚОЯМЫЗ?

ЖОМАРТТЫҚ ЖАСАП, ОНЫ ЖАРИЯ ЕТУДІ ҚАШАН ҚОЯМЫЗ?

Әбу Үмама ибн Сахл ибн Ханиф (р.а.) жеткізуде:
Бір күні арамызда ансар мен мұхажирлер бар, бәріміз Мәдинада мешітте отырғанбыз. Арамыздан біреуді хазірет Айшаға (р.а.) жұмсап, жолыққымыз келетінін айтып, рұқсат сұраттық. Барғанымызда, хазірет Айша (р.а.) бізге мына оқиғаны әңгімеледі: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) қасымда болған кезде бір қайыршы келіп маған алақан жайды. Мен әлденелер алдырдым да, ішіндегілерді мұқият санап барып қайыршыға ұстаттым. Бұл жағдайды байқаған Аллаһ елшісі: «Сенен хабарсыз үйге ештеңенің кіргенін не шыққанын қаламайсың ба?» деді. Мен «Иә, қаламаймын» дедім. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Айша, асығыстық жасама, қайыршыға жылы шырай таныт, жұмсақтық көрсет. Берген нәрсеңді санама. Егер санап берсең, Аллаһ та саған бергенін санайтын болады», – деді.
Иә, қазіргі қоғамда жақсылық жасап, көпке мақтануды мақсат тұтатындар тым көбейді. Әсіресе, газет беттерінен өзінің жасаған жақсылығын жариялауды, тіпті суретпен шығаруды өтінетіндер де аз емес. Бәрәне топырақ шашудан аулақпыз. Әрине, жомарт жандардың көбейгендерін біз де қалаймыз. "Байдың асын байғұс қызғаныпты" демесін, біз тек қоғамдағы мақтангершілікті тыюды қолға алса дейміз. 
Сондықтан, жасаған жақсылығыңыз Алла разылығы үшін болса мүмкіндігінше шын ниетпен берейік, ағайын...
17 ақпан 2019 ж. 1 238 0