№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР: АЙША БИБІ

ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР: АЙША БИБІ


Айша бибі шамамен 11-12 ғасырларда өмір сүрген. Әкесінің есімі – Айғожа. Қараханидтер әулетінің негізін қалаған. Қараханның қалыңдығы. Айша бибіге қатысты ел аузында сақталған аңыз желісі төмендегідей болып келеді: «»Айша бибі еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Алайда тұтқиылдан елін жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Уәделі кезде хабар болмаған соң, алаңдаған Айша бибі күйеу жігіт еліне барып, бір хабарын білейін, аман болса алдыңызға келіп ақ батаңызды алып қосылармыз деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін бермейді. Үш рет өтініп, меселі қайтқан Айша бибі 40 қыз жолдас ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Айша бибі Қараханның мекені Тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба әже қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді.

Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң тозаңнан арылып, біраз деп алуға тоқтайды. Күтушісі ас жабдығына кіріседі. Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша бибі күтушісі ас әзірлегенше дем алмақ болып, арнайы өзіне төселгнен төсенішке келіп жатады. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады. Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айқайлапты. Ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді. Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады.
Жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір-бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр Тараз қаласының іргесінде.
Халық Айша бибіні әулие санатына қосып, табынады. Айша бибі хикасын зерттеген тараздық журналист Б.Әбілдаев «Айша бибі» деген пьесасын жазды.
Ешбір жауының алдында иілмеген батыр тағдырдың алдында бас иіп, Айша бибі қайтыс болған жерге мазар тұрғызады. Қарахан батыр сүйгенінің жанында болу үшін Айша бибінің қасынан өзіне де мазар салдырады. Өмірінің соңына дейін ақ киім киіп, Айша бибі мазарында түнейді. Жаратқанға жалбарынып, кешірім сұрайды. Осы адалдығы үшін халық оны есінде сақтаған. Ал бұл жер «Әулие ата» деп аталып кеткен.
Айша бибі ХІІ ғасырда Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Тараз қаласынан 18 шақырым жерде тұрғызылды. Қазір мемлекеттік дәрежедегі архитектуралық ескерткіш.
«Кесенені өңдеу үшін Қазақстанның ертеректегі андрон, сақ тайпаларының геометриялық, зооморфты мотиві бар ою-өрнектері пайдаланылған. Төрт бұрышында батпан тіреуіші бар. Оның қалай салынғандығы жайлы тарихта нақты деректер жоқ. Алайда, халқымызда Айша бибінің сүйген жігітіне деген махаббатын баяндайтын аңыз бар. Ол аңыздың 28 нұсқасы сақталған. Жоғарыда сол аңыздың 1 нұсқасы келтірілген. Алғаш Айша бибі кесенесін 1893 жылы орыс археологы Василий Бартольд зерттеген. 2002 жылы кесене мен оның айналасындағы саябақты ретке келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Нишан Рамето сайланған».
Кесененің жалпы көлемі 7,6×7,6 метр. Кіру есігі шығыс бөлігінде орналасқан. Ал керегесі 80 сантиметр қалыңдықтағы 3 қабаттан құралған. Бұдан өзге кірпішінде 60 түрлі ою-өрнек түрлі пайдаланылған.
«Қазақ тарихындағы әйелдер» кітабы.
30 қыркүйек 2018 ж. 1 933 0