«БІР МЕКТЕП – БІР ЖОБА» ғылыми ізденіс байқауының қалалық кезеңі өтті
Бүгін Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп базасында білім беру ұйымдары басшыларының инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, білім беру жүйесіндегі мәртебені көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында «Бір мектеп – бір жоба» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті.
Байқаудың міндеттері:
- Мектеп директорларын инновациялық қызметке, кәсіби өзін –өзі танытуға ынталандыру;
- Білім беру жүйесінде мектеп басшысының мәртебесін арттыру және оң әлеуметтік кәсіби имиджін қалыптастыру;
- Білім беру ұйымдарындағы тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету;
- педагогикалық менеджементтің басқару функцияларын жүзеге асыру.
Байқау шарты бойынша бүгін мектеп басшылары өз пәнінен ашық сабақ өткізсе, ертең мектептің даму бағдарламасы аясындағы жобаларын қорғайтын болады.