№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АӘК: қандай жеңілдік бар?

АӘК: қандай жеңілдік бар?

Соңғы жылдары атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың қатары артпаса, кеміген емес. Жыл басынан бері елімізде 400 мыңға жуық азаматқа мемлекеттен тиісті көмек көрсетілген. Әрине, бұл тұрмысы төмен отбасыларға үлкен қолдау, дегенмен заңсыздықтарға жол беретіндер жоқ емес. Алайда арнайы комиссия хал-ахуалды екшеп, заң шеңберінде әрекет етіп түрлі амал-тәсілге тосқауыл қойып келеді. Біз бүгін осы бағытта аудандағы осы салаға қатысты қандай өзгерістер барын білуге тырыстық.
Алдымен АЭК дегеніміз не, соны түсініп алайық. АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдау және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығаруды көздейді. Ақшалай төлем кедейлік шегінен төмен табысы бар азаматтар мен отбасыларға беріледі. Бұл жүйенің артықшылығы электронды жүзеге асырылады. eGov.kz порталында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін өтінім беруге болады. бұл туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Семсер Асенов жан-жақты әңгімелеп берді.
– Жыл сайын АЭК мәселесіне қатысты оң өзгерістер орын алып, түрлі жобалар жүзеге асуда. Мұның барлығы ел әлеуетінің артуына үлкен жеңілдік десек те болады. Біздің бөлімде бұл салаға қатысты 5 түрлі сектор бар, әрбінің өзіне жүктелген міндеттері қарастырылған. Бірінші кезекте, жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын жоспарлау секторына тоқталайық. Аудан бойынша 2024 жылға «Өңірлік жұмыспен қамту  жол картасы» аясында барлығы 33 жобаға 450 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, орындалғаны 264 адамға жетті. Жыл соңына дейін 100 пайызға орындалу бойынша жоспарланған кезеңімен жұмыстар жасалуда.
Мемлекет басшысының облыс әкімдеріне  10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын ашу жөнінде берілген тапсырмасына сәйкес, өңірімізде 1029 жұмыс орны жоспарланған, 921 жұмыс орны ашылып, көрсеткіш 89,5  пайызға жетті, – деді бөлім басшысы.
Екінші секторында әкімшілік, қаржы, шаруашылық мәселелерін қадағаласа, келесі сектор мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға үйде әлеуметтік  қөмек көрсету, балаларға арналған жеңілдіктер және атаулы әлеуметтік төлемдер мәселесіне жауап береді.
«Мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінің есебінде 114 мүгедектігі бар адамдар мен қарттар есепте тұрады екен. Оның ішінде 6-мүгедек, 108-жасына байланысты зейнеткер бар. Бөлімде есепте тұрған қарияларға демеушілік жасау, материалдық көмектер көрсету үшін мекемелер мен ұйымдарға тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы қарттар мен жарымжан жандарға мемлекеттен тағайындалатын жеңілдіктер уақытылы жүзеге асырылуда.
– Мүгедектігі бар балалармен  18 жастан асқан адамдарға  үйден әлеуметтік  қызметкөрсету бөлімшесінде әлеуметтік қызметкер 176 балаға әлеуметтік қызмет көрсетуде. Жалпы бөлімде есепте тұрған 170 балаға әлеуметтік тапсырыс арқылы  «Жалынды жастар» қоры ойыншықтар таратып беріпті. Одан бөлек, балалар күніне арнайы сый-сыяпат көрсетілуде екен. Жартылай стационар жағдайында 18 мүмкіндігі шектеулі балаға «Нұрлы Сенім» қоғамдық  қорынан қызмет көрсетілуде. 2024 жылдың алғашқы алты айында үйден күтім қажет ететін бала бойынша 33 өтініш келіп, құжаттары қолдау тапты. Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған 14 азаматқа аудан әкімдігінің қаулысы шықты. Инвотакси қызметімен 18 бала қамтамасыз етіліп отыр. 2024 жылға мүмкіндігі шектеулілер жеке оңалту бағдарламасы бойынша  міндетті гигиеналық, тифлотехникалық және арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтылса, санаторий-курорттық емделуге 27 мүгедектігі бар балажолданды, – деді С.Асенов.
Әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар бойынша қандай өзгерістер бар? 2024 жылға Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 502431,0 мың теңге қаралған.
– Жыл басынан бері қазан айына дейін жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспаған аз қамтылған отбасылардан 478 (2919 мүше) өтініш түсті. 161692,4 мың теңге тағайындалып, 477 отбасыға (2901 мүше) 146097,8 мың теңге төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың құрамындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген әлеуметтік төлемге жергілікті бюджеттен 39523,0 мың теңге қаржы қаралып, қазан айының 1 жұлдызына 409 отбасының 1-6 жас аралығындағы 810 балаға 27839,5 мың теңге тағайындалып, 812 балаға 25028,0 мың теңге төленді, – деді жауапты сала басшысы.
Тұрғын үй  көмегі, үйде  тәрбиеленетін  және оқытылатын  мүгедектігі бар балаларға төленетін  материалдықкөмек жайы қалай? Аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегі бойынша жергілікті 25 отбасына жәрдем көрсетілген. Яғни, табысы көрсетілген шектен аспаған отбасыларға коммуналдық төлемдері төленеді. Бұл жөнінде нақты мәлімет алу үшін аталған орталыққа баруға болады. Сол секілді жалдамалы үйге берілетін жеңілдіктің де мәселесін біліп алсаңыздар болады. Қысқаша түсіндіре кетсек, жалдамалы үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылған. Яғни, жалдамалы үй ақшасының белгіленген мөлшерін мемлекет төлеп береді.
Жаңақорған аудандық мәслихатының шешімімен бекітілген мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджеттен 12959,0 мың теңге қаралып, жыл басынан 139 өтініш берушіге 7720,0 мың теңге тағайындалып, төленген. Келесі кезекте, мемлекеттік атақтар берілген азаматтарға төленетін бір реттік әлеуметтік көмек. Бұл санатқа әзірге аудан бойынша бір ғана тұлға жатқызылады. ҰОТ соғысына теңестірілгендер мен тыл ардагерлері, саяси қуғын сүргіннен зардап шеккендер, тәжік-ауған соғысына қатысушылар, таулы Қарабахтағы қақтығыста болғандар және өзге де мемлекеттерде әскери қызметін өтегендерге жылына бір реттек жәрдемақы берілген. Бұл олардың зейнетақыларын бөлек сый-құрмет ретінде. Семей полигонына қатысқандар да осы санатта бар.
Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларынан шыққан облыс әкімінің грантына ие болған студенттердің  білім алуына төленетін  әлеуметтіккөмек туралы да тоқталуды жөн көрдік. Өңірге қажет мамандықтар бойынша халықтың осал топтарынан шыққан білім алуға ынталы облыс әкімінің грантына биыл аудан бойынша 3 түлек ілініпті. Жалпы ел аумағында облыс әкімінің гранты негізінде 38 студент білім алуда. 2013 жылы басталған бұл грантқа бүгінгі күнге дейі 160 жаңақорғандық жас түлек ілінсе, соның 122-сі маманды иесі атанып, қалғандары білім алуда.
Келер жылы өзгерістер болатыны анық, әзірге әлеуметтік төлемдердің реті осылай түйінделуде. Жыл аяқталуына бір айдан астам уақыт бар, төлемдер төленіп, тиісті құжаттар реттелуде екен.
Әли ТЕМІРБЕК
17 қараша 2024 ж. 115 0