№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Асқабақ ас болсын

Асқабақ ас болсын


Ауылда тұрып, есік алдындағы жерді күтіп-баптап, ырзығын ажыратып отырудың өзі де үлкен өнер. Осы орайда біз қарапайым еңбек адамдарының өміріне мән беріп, күз науқанының сәнін келтіріп отырған еңбеккерлерді мақалаға арқау еттік. Солардың бірі асқабақ егіп, мол табысқа кенелген Нұрбек Райымбекұлының кәсібі жайында сөз етпекпіз.


Ол озық технологиялар мен шетелдік тұқымдарды пайдалану арқылы бір дәннен еселеп өнім алуды қолға алыпты. Жуырда ғана Өзбекстан мемлекетінен қоныс аударған қандасымыздан үйренеріміз көп екен. Тұрғын үйінің жертөлесінде 200 тоннадан астам көкөніс сақтауға арналған қоймасы бар шаруаның алажаздай еккен өнімі табысын еселеуде. Бүгінде ол қосағы Асылай екеуі орталық базарда сауда жасауды қолға алды. Бағбандар жанұясының биыл еккен бес дана ұрығынан 500 дана асқабақ түйнек байлап қойманы толтырып тастады.
– Биыл Үнді елінен әкелінген асқабақ тұқымын алдырдым. «Индийский» деп аталатын тұқым тез жерсініп, 5 дәннен 500 асқабақ өніп шықты. Бұл асқабақтың салмағы 1,5-3 келі ғана болады. Алайда дәмді әрі денсаулыққа пайдасы мол. Есік алды бақша өнімдерінің бәрі қолмен суғарылады. Келер жылы егіндік жерді жалға алып, үлкен бизнес бастағым келеді, – дейді шаруа.
Шынында, бес дәннен мұндай көлемде өнім алу таң қалдырды. Сондықтан біз асқабақты егу тәсілін сұрадық.
– Ең әуелі тереңдігі 40-50 сантиметр, диаметрі бір метрге жетерлік шұңқыр қаздым. Оған сиырдың жапасы араласқан табиғи тыңайтқыштар төседім. Бетін құнарлы қара топырақ жауып, жеткілікті деңгейде суғардым. Нәтижесінде, еккен асқабақ пәлегі 20-30 метрден аса жерге қанат жайып, тіпті көршілердің қоршауынан асып кетті. Осы тәсілмен асқабақ еккен жерге жүгері дәнін де сеуіп, алдыңғы жылы мол өнім алған едім,– дейді ол.
Еңбек адамына қолқанат болып жүрген ұл-қыздары да бақша өнімдерін егудің тәсілін жақсы біледі. Таңның атысы, күннің батысы әкесінің қасында жүрген балалар түбі осы кәсіпті ұстап қалатынына сенеміз. Еңбек адамының өнім егудегі тағы бір тәсілі – бір гектарға дақылды бірден толық екпейді. Сатылап кезектестіріп, дәнді отырғызады. Сатылап дегеніміз – бір гектарды он бөлікке бөліп, әр өнімді арасына 10-20 күн салып егеді. Дақыл біртіндеп жетіліп, кезек-кезегімен пісіп сатуға дайын тұрады. Бұл тәсіл мал шаруашылығында «Жасыл конвейер» деп аталады екен. Нұрбек балаларымен өнім өндірсе, жары Асылай сауданың шырайын кіргізеді. Тұрақты тұтынушылары онлайн тапсырыс беріп те өнімдерін тұтынуда. Осылайша, озық технология мен асылтұқымды пайдаланған отбасы табыстың тайқазанын толтырып тұр.
Айтайын дегенім, Нұрбектей кәсіп иелеріне қолдау тетігі болса, ауылшаруашылығы өркендейтіні даусыз. Ол малдың қиынан «Биогумус» тыңайтқышын жасап, нақты жемісіне куә болып отыр. Сонымен қатар Калифорния шылаушынын өсіріп, қара жерді тыңайтуға пайдаланудың артықшылығын айтты. «Құлдай еңбек еткен, патшадай өмір сүреді» дейді Жүсіп Баласағұн. Сондықтан жер анадан ырзығын тапқан бағбанды кейінгілерге үлгі ету мақсат тұттым.

Мақпал МАРҚАБАЙ

12 қараша 2024 ж. 115 0