№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі тең болуы керек

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі тең болуы керек


Отбасы - тәрбие институты. Бала балалық шағында отбасынан не алса, оны кейін өмір бойы есінде сақтайды. Бірде бір тәрбие орталығы шаңырақтағы тәрбиемен салыстыруға келмейді. Өйткені үйде бала ең алдымен өзінің мінез-құлық нормаларын қалыптастырып, ортамен қарым-қатынасты игереді. Жасөспірімдер кезеңінде ата-аналар қандай қателіктер жібереді? Баланың психологиялық дамуына ата-ананың мінез-құлқы қаншалықты ықпал етеді? Осы және өзге де сұрақтар бүгін баспасөз алаңында талқыланды. «Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында Өңірлік коммуникациялар қызметінің жанынан құрылған сарапшылар тобы ойын ортаға салып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«Балаға қазақы тәрбиені сіңіргіміз келсе ата-әжені үйге қайтаруымыз керек. Абайды да Шоқанды да тәрбиелеген әжелері. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей бала үйінде көрген тәрбиесі өмір бойына оның әдетіне айналады. Қазақ баланы «ұят болады, обал болады, сауап болады» деген үш қағидамен тәрбиелеген. Қандай жағдай да осы үш қағидамен баланы тоқтата білді, балаға демеу болды, алға қарай жылжуына жәрдем берді», - деді Қорқыт ата Қызылорда университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-офицері, сарапшы Әлібек Жаппасбаев.
Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз, басты тұлға ол өзінің ата-анасы. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Бұл туралы Қызылорда қаласындағы №257 мектептің ата-аналар комитеті Жанат Қараманова тарқатып айтып берді.
«Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар "Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ" дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа?! "Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер" дейді халық даналығы. Отбасындағы басты мәселелердің бірі – баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарытып, жанында жүрген жолдастарына дейін мән беруі керек. Сондай-ақ, табиғат сыйлаған дарыны болса соны дамытып, дұрыс білім алуына жағдай жасау да ата-ананың өмірлік парызы,-деді Жанат Тұяқбайқызы.
Жақсы ата-ана жақсы балаларды тәрбиелейді. Болашақ ата-аналар арнайы әдебиеттерді оқу немесе тәрбиенің арнайы әдістерін меңгеру арқылы жақсы ата-ана боламын деп ойлайды. Бірақ тек білім алу жеткіліксіз. Сарапшылар баланы тәрбиелегісі келген ата-ана алдымен өз бойын түзеу керегін айтты.
«Балалы әр бір ата-ана еш себепке қарамастан бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті естен шығармауы керек. Бала үшін алғашқы ұстаз – ата-ана. Одан кейін білім беру ұйымдарындағы мұғалімдері. Кез келген бала жасаған тәртіпсіздігі мен басына түскен қиындығын ата-анасына қорықпай жеткізе білуі керек. Ата-анасы баланың мінсіз болғанын қалап, дауыс көтеріп ұрыса беретін болса, бала ешқашан ата-анаға ашылып әңгімесін айтпайды. Өйткені олар жазаланудан қорғады. Сондықтан жасөспірім шақта баламен дұрыс қарым-қатынас орнату маңызды», - деді Қызылорда облысы «Орда» жоғары колледжінің әдіскері, сарапшы Айнұр Бекенова.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
01 қараша 2024 ж. 353 0