№2 (8916) 10

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » "Менделеев кестесіндегі барлық элемент сонда": Қазақстан Ауғанстан жерінде пайдалы қазбалар өндірмек

"Менделеев кестесіндегі барлық элемент сонда": Қазақстан Ауғанстан жерінде пайдалы қазбалар өндірмек

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстанның алдағы уақытта Ауғанстан жерінен пайдалы қазбалар өндіретінін айтты. 

“Менделеев кестесіндегі барлық элемент Ауғанстан жерінде. Бірақ өкінішке қарай, ондағы қазба байлықтарды ешкім тауып, өндіріп жатқан жоқ. Біз бәрін жан-жақты зерттейміз деп келістік. Ауғанстандықтар Қазақстанға мұсылман капиталы бар ел ретінде олардың нарығына шығу үшін жағдай жасалады деп сендірді”, – дейді Қайрат Төребаев.
Вице-министр Ауғанстаннан табылған пайдалы қазбалар Қазақстанға жеткізіліп, өндірілетінін атап өтті.
22 қазан 2024 ж. 343 0