Министрлік парацетамолды тәулігіне қанша рет ішу керектігін айтты
Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова халық арасындағы жоғары сұранысқа ие препараттарды дәріханаларға жеткізу тәртібін түсіндірді.

«Бірақ парацетамол болсын, Ибупрофен болсын, бәрін тек нұсқаулықпен ғана қабылдау қажет. Себебі бауырға уытты әсері бар. Сондықтан ондай препараттарды күніне үш-төрт рет қана қабылдауға болады», – деп атап көрсетті Бюрабекова.Оның сөзіне қарағанда, бүгінде «Ингавирин» препаратының 70 мың қаптамасы да сатып алынды. Оны осы аптаның ішінде Қазақстанға әкеледі.
«Сонымен қатар «Тамифлю» препаратының 49 мың қаптамасын сатып алдық. Ол да аптаның аяғына дейін дәріханаларға түседі», – дейді Бюрабекова.