№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Мұғалімдерге сынып жетекшілігі үшін берілетін сыйақы 30 пайыз өседі

Мұғалімдерге сынып жетекшілігі үшін берілетін сыйақы 30 пайыз өседі


Еліміздің премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанда 220 мыңнан астам сынып жетекшінің өтемақысы 30% артатынын айтты.

Премьер-министрдің айтуынша, сынып жетекшілер мектептегі буллингтің алдын алуда үлкен рөл атқарады. Ал сыйақылар ұстаздарды оқушылар арасындағы жанжалдар мен төбелестерді бақылап жүргуге ынталандырады деп санайды.  
“Жалақыны кезең-кезеңімен көтереміз. Бұл мәселе қазір талқыланып жатыр”, – деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр буллингтің алдын алу үшін сенім телефоны жұмыс істейтінін еске салды. 

Айта кетейік, бір жылда байланыс орталығының мамандары 18 500-ден астам әйел мен балаға көмек көрсетті. Барлық аймақта қолдау орталықтары жұмыс істейді. Сондай-ақ BalaQorgauBot2.0 чат боты және Balakorgau веб-сайты бар.
18 қазан 2024 ж. 403 0