№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызметшілер арасында Республикалық эссе байқауы жарияланады

Мемлекеттік қызметшілер арасында Республикалық эссе байқауы жарияланады



Байқау «Елімізде сыбайлас жемқорлықты азайтуға қосқан үлесім» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер арасында өткізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, олардың хабардарлығын арттыруға бағытталған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары туралы, шығармашылық белсенділікті, креативті және стандартты емес ойлауды ынталандыруға көзделген.

Қатысу шарттары:
Конкурс Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік қызметшілері үшін ашық. Қатысу тегін және ерікті. Конкурстық жұмыстар жеке тәжірибесі немесе кәсіби қызметі негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды қамтитын түпнұсқа авторлық эссе нысанында ұсынылуы тиіс.

Жұмысқа қойылатын талаптар:
Эссе қазақ немесе орыс тілінде жазылуы және бекітілген Ережеге критерийлерге сәйкес келуі тиіс (келесі сілтеме бойынша танысуға болады). https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/events/details/31266?lang=kk

Өткізу мерзімі:
Жұмыстарды қабылдау 2024 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін жүзеге асырылады.

Марапаттар:
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады, ал олардың жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Байқау нәтижелері Агенттіктің ресми сайтында және оның әлеуметтік желілердегі беттерінде 2024 жылдың қазан айында жарияланады.

Жұмыстарды жіберуге арналған байланыстар:
Эссе электронды түрде мына мекен-жайға жіберілуі керек: konkurs@antikor.gov.kz.

Ұйымдастырушылар:
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Маңғыстау облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қолдауымен.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында «Парасат елшісі» республикалық байқау өткізілетіні хабарланады.
Байқау 3 кезеңнен (I кезең – парасаттылық елшілік ету, II кезең –бейнероликтер байқауы және финалдық кезең) тұрады және 2024 жылдың 7 қазан – 29 қараша аралығында өтеді.
Байқаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, жастардың назарын сыбайлас жемқорлық проблемаларына аудару, сонымен қатар қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаттарын кеңінен насихаттау.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылы
23 қыркүйектен бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар конкурсы іске қосылғанын хабарлайды.
Конкурстың мақсаты – инновациялық идеяларды, өзекті ғылыми, техникалық және цифрлық шешімдерді әзірлеу және іске асыру мақсатында, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту.
Конкурсқа барлық тілек білдіруші адамдар (жеке және заңды тұлғалар), оның ішінде қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады.
Конкурс мынадай бағыттар бойынша өткізіледі:
- қоғамдық бақылау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар.
Конкурс екі кезеңнен тұрады: іріктеу, финал.
Іріктеу кезеңі 2024 жылғы 23 қыркүйектен 20 қарашаға дейін өткізіледі.
Конкурстың финалдық кезеңі 2024 жылды 29 қарашасында Қонаев қаласында өтеді.
Конкурс қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталатын, сондай-ақ үздік жобаларды іске асыру үшін қаржылық-техникалық қолдау көрсетілетін болады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру 2024 жылы 20 қарашаға дейінгі мерзімде kongressmen550@gmail.com электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша қосымша ақпаратты 8 (705) 727 40 00, 8 (707) 280 29 23 телефон арқылы алуға болады.
​​​​
18 қазан 2024 ж. 237 0