№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Эхинококкоз: берілу жолдары, белгілері және алдын-алу шаралары

Эхинококкоз: берілу жолдары, белгілері және алдын-алу шаралары

Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, ағзаның аллергиясымен және бауырдың, өкпенің және басқа мүшелердің зақымдануымен сипатталатын паразиттік ауру, онда көптеген кистозды түзілістер қалыптасады, олар мүгедектікке немесе асқынған жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін.
Адамдар үшін эхинококкоздың негізгі көзі иттер, ал сирек қасқырлар, түлкілер және шакалдар болып табылады. Адам және ауыл шаруашылығы жануарлары (қой, шошқа, сиыр, жылқы және т.б.) эхинококкоздың аралық иесі болып табылады.
Аурудың қоздырғышы - гельминт Echinococcus granulosus. Эхинококкоздың білінбеуі - оның ұзақ уақыт бойы симптомсыз 5 жылдан 20 жылға дейін немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін екендігінде.
Эхинококкозды жұқтыру жолдары:
Адамдар жұқпаны ауырған жануарлармен (иттер, ірі қара және ұсақ мал, жабайы жыртқыштар) байланыс кезінде, жабайы жидектер мен шөптерді жинап жеген кезінде, гельминт жұмыртқасынмен ластанған бұлақтардың суын пайдалану кезінде, жабайы жануарлардың терісін сыдырған және өңдеу кезде жұқтырып алуы мүмкін.
Аурудың берілу факторлары - лас қолдар, кейде көкөністер, жемістер, шөптер.
Эхинококкозды жұқтыру қаупі жоғары топқа ауыл тұрғындары, аңшылар, иттермен байланыста болған адамдар және балалар жатады.
Эхинококкоздың белгілері:
Аурудың белгілері таспа құрттың орналасуына байланысты болады. Бауырды зақымдаған кезде сарғаю пайда болуы мүмкін, оң жақ қабырғаның астында ауырлық сезімі, бауырдың ұлғаюы, оң қол мен арқаға берілетін ауырсыну байқалады. Паразит өкпеде болған кезде ентігу, қан түкіру, кеуденің ауырсынуы, жөтел  пайда болады.
Эхинококкоз диагнозы зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін (ультродыбыстық зерттеу, рентгенография, компьютерлік томография) қолдану арқылы анықталады. Эхинококкозды емдеу тек хирургиялық әдіспен жүзеге асырылады. Емдеуден кейін эхинококкозбен ауыратын науқастар диспансерлік есепте тұруы керек.
Эхинококкоздың алдын алу шаралары:
Эхинококкоз ауруының алдын алу мақсатында ветеринариялық қызмет, ет комбинатының, мал соятын орындардыңжұмысшылары, аңшылар, мал шаруашылығымен айналысатындар, ит асыраушылар және олардың жанұяларының мүшелері жыл сайын эхинококкозға тексеріліп тұрулары қажет.
Эхинококкоздың алдын алу мақсатында келесіні ұсынады:
- жеке гигиена ережелерін сақтау: иттермен және кез келген басқа жануарлармен байланыста болған сайын немесе бақшада жұмыс істегеннен, аулада ойнағаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
- балалардың бұралқы иттермен ойнауына жол бермеу;
- ашық су қоймаларынан су ішпеу;
- тағамға қолданылатын көкөністер мен шөптерді, жидектерді жақсылап жуу;
- үй иттерін дегельминтизациялауды жүргізу.

Ж.Нұрсұлтанова
Жаңақорған аудандық СЭББ басшы орынбасары
17 қазан 2024 ж. 270 0