№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Маймыл шешек ауруы

Маймыл шешек ауруы

Бүгінгі таңда әлемде, дәлірек айтсақ, денсаулық сақтау саласында, коронавирустық инфекциядан кейін, ең өзекті тақырып  –«маймыл  шешегі»  -сирек  кездесетін  вирустықзоонозды  ауру  (яғни,жануарлардан  адамға  берілетін инфекция), оның белгілері табиғи шешектің клиникалық көріністеріне ұқсас, бірақ аурудың барысы маймыл шешегіне  қарағандаәдетте  онша  ауыремес.  Маймыл  шешеквирусы-Poxviridaeтұқымдасының  Orthopoxvirus  тұқымдасына жататын екі-спиральді ДНҚ вирусы. Маймыл шешегі Батыс Африка елдерінде таралған (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д'Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан).Африкада маймыл шешегінің жағдайларының саны тез өсуде. 2016 жылдан бастап, ресми ақпарат көздеріне сәйкес,ауру 20 есе өсті. Ең үлкен індеттер Нигерия мен Конгода тіркелді. Маймыл шешегі ауруының негізгі көзі жабайы жануарлар:приматтар  мен  кеміргіштер.Инфекция  ең  алдыменауа  тамшыларымен,  сондай-ақжұқтырған  адамның  қаныменнемесе оның биологиялық сұйықтықтарымен байланыста болған жағдайда, ауру жануардың етін сою және  пайдалану кезінде пайда болуы мүмкін.
Берілу жолдары. жабайы жануарлармен байланыс – приматтармен (маймылдармен) және кеміргіштермен байланыс;
науқас адаммен тығыз физикалық байланыс (вирус ағзаға зақымдалған тері, тыныс алу жолдары, көз, мұрын және ауыз арқылы, сондай-ақ биологиялық сұйықтықтар арқылы енеді);ауа-тамшы жолымен (жабық үй-жайда науқаспен болған кезде) және тері қабатын зақымдау немесе науқастың биологиялық сұйықтықтары бар заттармен жанасу жолымен жүзеге асырылады.
Маймыл шешегінің инкубациялық кезеңі (инфекция уақыты мен белгілердің басталуы  арасындағы аралық) әдетте 6-дан 13-ке дейін , бірақ 5-тен 21 күнге дейін өзгеруі мүмкін.
Инфекцияның дамуының екі кезеңі бар:
инвазия кезеңі (ұзақтығы 0-5 күн), оған қызба, қатты бас ауруы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы (лимфоденопатия), арқадағы ауырсыну, бұлшықет ауыруы және әлсіздік тән. Лимфаденопатия-ұқсасбастапқы  белгілері  барбасқа  аурулармен  (желшешек,қызылша,  табиғи  шешек) салыстырғанда маймыл шешегінің айрықша белгісі болып табылады; терідегі бөрту кезеңі, әдетте температура көтерілгеннен кейін 1-3 күннен кейін басталады.Бөртпелер  көбінесе  денегеқарағанда  бет  пенаяқ-қолдарға  шоғырланады.  Оларнегізінен  бетке  (95%
жағдайда), қолдың алақандары мен табанға (75% жағдайда) әсер етеді. Сонымен қатар, ауыз қуысының шырышты қабаттары  (70%),жыныс  мүшелері  (30%),конъюнктивалар  (20%),  сондай-ақкөздің  мүйізгек  қабығыбөртпелерге
ұшырайды.Бөртпелердамудың  бірнеше  кезеңдеріненөтеді:  тегіс  негізібар  терінің  зақымдануынанбөрпеге  (сәл көтерілген  қаттытүзілімдер),  везикулаларға  (мөлдірсұйықтықпен  толтырылған  қабыршықтар)және  пустулаларға
(сарғышсұйықтықпен  толтырылған  қабыршықтар),содан  кейін  құрғап,түсіп  кететін  қыртыстарғадейін.  Адам ағзасындағы тері зақымдануларының саны бірден бірнеше мыңға дейін өзгереді. Ауыр жағдайларда зақымданулар  біріктірілуі мүмкін, бұл терінің үлкен жерлерінің қыртыстануына әкелуі мүмкін.
Маймыл шешегінің алдын-алудың  негізгі стратегиясы-қауіп  факторлары мен вирустың байланысын  шектеу шаралары  туралыхабардарлықты  арттыру.  Маймылшешегінің  ең  жақынтуысы  -  табиғишешек  1980  жылыДДҰ
ұйымдастырған ғаламдық вакцинация арқылы жойылды.
ДДСҰ-да маймыл шешегін тіркеуге байланысты вакцинацияны қайта бастау мәселесі қарастырылуда.Жазғыдемалыс  маусымының  қарқындыкезеңіне  байланысты  шетелдерге  шығатындарға  арналғанұсыныстар:
маймыл  шешегінің  өршуітіркелген  Батыс  Африкаелдеріне  (Конго  ДемократиялықРеспубликасы,  Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ' Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және
Оңтүстік Судан) барудан аулақ болыңыз (әсіресе балалармен);шет  елдерге  шыққанжағдайда,  жабайы  жануарлармен(приматтармен,кеміргіштермен)  байланыста
болдырмау, стихиялық және көше саудасы орындарында тамақ ішуден аулақ болу, тамаққа тек сапалы термикалық өңделген  етті (өнімдерді) пайдалану, адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика шараларын (қашықтықты, медицина маскаларды, дез.құралдарды) пайдаланыңыз, қол және тыныс алу гигиенасын сақтаңыз;
Егер  сапардан  оралғаннанкейін  3  аптаныңішінде  өзіңізді  жайсызсезініп,  қызба,  тердебөртпе  (қызару, көпіршіктер және т.б.) байқасаңыз  –  шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлай отырып, жақын маңдағы
медициналық ұйымға дереу хабарласыңыз.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында маймыл шешек ауруына күдікті бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.

Ш.Айдарова,
Жаңақорған аудандық СЭББ басшысы
12 қыркүйек 2024 ж. 395 0