Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Шілде айында ел азаматтары неше күн демалады

Шілде айында ел азаматтары неше күн демалады


Елімізде жыл сайын 6 шілдеде Астана күні аталып өтеді. Бұл күн ресми түрде демалыс  болып саналады. Биыл Астана күні жексенбіге сәйкес келіп отыр. ҚР «Мерекелер туралы» Заңына сәйкес, бұл жағдайда қосымша демалыс күні келесі жұмыс күніне — 7 шілдеге, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, 5, 6 және 7 шілде күндері ел азаматтары үш күн қатарынан демалатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жалпы шілде айындағы демалыс және жұмыс күндері мынадай:
  • Бес күндік жұмыс аптасында – 22 жұмыс күні, 9 демалыс күні;
  • Алты күндік жұмыс аптасында – 26 жұмыс күні, 5 демалыс күні.
Сонымен қатар бұл айда ресми емес, бірақ салалық маңызы бар бірнеше кәсіби мереке бар:
  • 2 шілде — Дипломатиялық қызмет күні;
  • 6 шілде (жексенбі) — Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні;
  • 9 шілде — Су шаруашылығы қызметкерлері күні;
  • 10 шілде — Ветеринария қызметкерлері күні;
  • 13 шілде — Ұлттық қауіпсіздік органдары күні;
  • 13 шілде (екінші жексенбі) — Балық шаруашылығы қызметкерлері күні;
  • 14 шілде — Нотариат күні;
  • 20 шілде (үшінші жексенбі) — Металлургтер күні;
  • 27 шілде (төртінші жексенбі) — Сауда қызметкерлері күні.
07 шілде 2025 ж. 348 0