Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Шығыс Қазақстан облысында ірі шөп қоймасы өртенді

Шығыс Қазақстан облысында ірі шөп қоймасы өртенді


Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Мұқашы ауылында шөп қора өртеніп, 600 тоннадан астам салмағы бар 2000 бума шөп жанып кетті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап, өрттің кең аумаққа таралуына жол бермеді.
"Өрт сөндірушілердің күшімен көршілес ғимараттар мен шаруашылықтарға өрттің таралуының алдын алдық. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр", – деп хабарлады ТЖМ.
Өрт толықтай сөндірілді. ТЖМ шөпті сақтау және жинақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын ескертеді. 

13 қазан 2024 ж. 431 0