№47 (8758) 15

15 маусым 2024 ж.

№46 (8757) 11

11 маусым 2024 ж.

№45 (8756) 8

08 маусым 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Кез келген жерде қоқыс өртеуге болмайды

Кез келген жерде қоқыс өртеуге болмайды

  
Тазалық  айлығыкезінде тиісті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаған жөн.  Әсіресеаулаларды, үй аралары мен көшелердегі қоқыстарды  жинауда сақтық шараларын естен шығармау қажет. Мүмкіндігінше, қоқыстар  мен қоралардағы шөп қалдықтарын  (сабан) көлікке тиеп, арнаулы орындарға шығарған абзал. Тұрғындардың ашық от жағып оны бақылаусыз  қалдыруынан, балалардың от пен ойнауынан  немесе қалдық  сабан шөпкетүскен сөндірілмеген темекі қалдығынан үлкен өрттің пайда болуы туындайды.
Сондықтан, қалдық шөпті  немесе қоқыстарды  өртеу тек өзіңнің жеке үйіңе ғана емес, айналаңдағы көршілеріңе қатер төндіретінін естен шығармайық.  Болатын өрттердің басым көпшілігі тұрғын үй секторларында орын алуының себептері тұрғындардың өрт қауіпсіздігі  ережелерін сақтамағандығынан, балалардың отпен ойнауынан, электр жабдықтарын монтаждау, және техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуынан туындайды.
Өрттің тілсіз жау екенін бәріміз түсінсек те, оның нағыз мәнін ұғына бермейміз. Бұл тұрғыда ауылдық  жерлердедалада жаңа шөп шығу үшін  жер өртейтін әдет бар.  Мал азығы үшін бәлкім дұрыс болар. Алайда, бұл шара кейде қараусыз қалып далалық өрттерге ұласып кету оқиғалары кездесіп жатады. Абай болайық!
Төтенше жағдайлар кезінде "101" немесе "112" нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ұмытпаңыздар.

Жаңқорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
29 наурыз 2024 ж. 44 0