Аудан әкімі қарттар күнімен құттықтады
Баршаңызды бүгінгі Халықаралық Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Біз қашанда қартын құрметтеген, қариясын сыйлаған халықтың ұрпағымыз. Бүгінде зейнет жасында жүріп те қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, ұрпақ тәрбиесіне өз үлестеріңізді қосып келесіздер.
Ел Президенті әрқашан еңбектеген баладан, еңкейген қартына дейін құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырып, ұрпаққа үлгі етіп келеді.
Бұл ретте, мемлекет тарапынан жыл өткен сайын қарияларымызға төленетін зейнетақы мөлшері артып, қарттарымызға әлеуметтік қолдаулар үзбей көрсетіліп келеді.
Құрметті ардагерлер!
Бірлік пен бауырмалдықты, ынтымақтасуды, отанды сүю сынды құнды қасиеттерді біз Сіздерден үйрендік. Сондықтан да қазыналы қарттарымызға әрдайым қамқорлық жасау біздің басты парызымыз болып саналады.
Бүгінде еліміз экономикасы дамудың даңғыл жолын ұстанған қуатты мемлекетке айналды. Тәуелсіз еліміздің жас буынын тәрбиелеуде әлі де біздерге жол көрсетіп, үлкендік кеңестеріңізді береді деген сенімдемін.
Мерейлі мереке күні Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, күш-қуат, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін!
Құрметпен,
Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов