№39 (8750) 18

18 мамыр 2024 ж.

№38 (8749) 14

14 мамыр 2024 ж.

№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ұрпақтар ұлықтайтын Ұлы Жеңіс!

Ұрпақтар ұлықтайтын Ұлы Жеңіс!

Ұлы Отан соғысында ерен ерлік көрсеткен ардагерлер қашанда құрметке лайық. Бүгін «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында аудандық мәслихат депутаты Үсенов Изатулла, ауыл әкімімен бірге бірқатар тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіп, ізгіліктің ізетті жолын көрсетіп, ақжарма тілектерін білдірді.
Әрбір халықтың басты міндеті – тарихын сақтау әрі ұрпаққа ұлағат ету. Тарихта мәңгі сақталған Ұлы Жеңіс ұрпақтан ұрпаққа жалғасу үшін ардагерлер қатарын әрдайым мадақтап, барынша қол ұшын созу біздің азаматтық міндетіміз. Міне осы мақсатта И.Үсенов Қожакент ауылының тұрғындары, тыл ардагерлері Абдикаримова Батен, Кокажанова Акшайы және Тоймова Бибігүл апаларымыздың үйлеріне арнайы барып, "AMANAT" партиясының құттықтауын табыстап, қазыналы қарияларымызға сый-сияпаттарын табыстады.
Ерең еңбектерін ұмыт қалдырмай насихаттау азаматтық борышымыз екендігін тілге тиек еткен аудандық мәслихат депутаты, ардагер апалардың ризашылықтары мен ақ батасын алды. Күн санап, қатары сиреп бара жатқан қаһарман қарттарға деген құрметтің шексіз екендігі анық.
09 мамыр 2024 ж. 223 0