№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Прокуратура онлайн ойындардың балалар мен жасөспірімдерге әсерін тексереді

Прокуратура онлайн ойындардың балалар мен жасөспірімдерге әсерін тексереді


Мәжіліс отырысында бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев онлайн-ойындардың балалар мен жасөспірімдер арасында суицидке әсерін анықтайтынын мәлімдеді. Қазіргі таңда тергеу тағайындалған.

Прокурорлар 15 мың зиянды сайт пен сілтемені бұғаттап үлгерді. Балалар омбудсмені Әсем Асайынованың айтуынша, бұған ата-аналардың немқұрайлылығы себеп болуы мүмкін. Себебі ата-ана балаға жасалған кибербуллингке мән бермей жатады, ал буллинг сенімсіздікке әкеледі.
“Бізде сын, айыптау бар, балалар осыдан қорқады. Олар қолдауды желіден емес, жақындары, туған-туыстары, ата-анасынан іздеуі керек. Біздегі басты мәселе баланың жалғыз қалуы деп ойлаймын...” – деді Ақмола облысының балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Әсем Асайынова. 

Психологтар сенімді қалыптастыруға кедергі келтіретін үш факторды анықтады. Біріншісі - эмоционалды түрде суық ата-аналар, олар баладан алыстауға тырысады. Екіншісі – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың жеткіліксіздігі, бірлескен ойындар мен уақыттың болмауы. Ал үшіншісі – ата-ананың біліммен, өмірлік тәжірибемен бөлісуге құлықсыздығы.

“Балаларыңызды қызықтыратын нәрселерді зерттеп, олармен уақыт өткізу керек. Тек сұрақ қоя салу емес, жалпы мектептегі болсын күнінің қалай өткеніне қызығу қажет. Егер сенімді қарым-қатынас болса, ойын, іс-әрекет болса,  бала ашық болады”, – деді практик психолог Филипп Кочерин. 
Ішкі істер министрлігі балалардың мінез-құлқының кенеттен өзгеруінің себептерін де атады: жалғыздық пен қажетсіздік сезімі, қаржылық жағдай, ата-анамен немесе мектептегі жанжалдар, отбасындағы ажырасу, жазадан қорқу.

“Кейде қарапайым қамқорлық қиын жағдайда шешуші фактор болуы мүмкін. Сондай-ақ балаларыңызбен желіде қауіпсіз мінез-құлықты талқылау маңызды. Оларға әлеуметтік желілер мен онлайн ойындармен байланысты тәуекелдерді түсіндіріңіз. Көмек сұраудан ұялмауға үйретіңіз”, – деп мәлімдеді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.
Сіз әрқашан балаңыздың кіммен дос екенін, желіде кіммен сөйлесетінін және бос уақытын қалай өткізетінін білуіңіз керек. 
03 қазан 2024 ж. 130 0