АЭС: Жаңарықтағы жарқын кездесу

Штаб мүшесі Жарқынбек Ғалымжан: Халықтық штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамда АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу болып табылатынын тілге тиек етті.
Сондай-ақ, Баян Үскйнова: - "Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды" - деді өз кезегінде.
Кездесуде ауыл тұрғындары атом станциясының құрылысын кім жүргізетіндігін, оның пайдасы мен зияны турасында сауалдарын қойып, пікір алмасты. Дегенмен үздіксіз қуаттың халық үшін қаншалықты қажет екенін ұғынып тұрған ауыл тұрғындары энергетикалық тәуелділіктен құтқарар жолдың бірі - АЭС салу екенін құптап отыр.