№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қазақстандық спортшы Жапониядағы турнирде жергілікті спортшыны ауыр нокаутқа жіберді

Қазақстандық спортшы Жапониядағы турнирде жергілікті спортшыны ауыр нокаутқа жіберді


Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қаршыға Дауытбек Жапонияда өткен турнирде жергілікті спортшыны бір соққымен сұлатып салды. 

Елімізге танымал ММА шебері, Қаршыға Дауытбек әлемнің ең үздік лигаларының бірі саналатын Rizin тұжырымында кезекті жекпе-жегін өткізіп, кезекті рет жарқын жеңіске жетті. Rizin 48 турнирінде өнер көрсеткен отандасымыз жергілікті спортшы Такеаки Киношитаға қарсы шығып, бірінші раундта-ақ ауыр нокаутқа жіберді. Осылайша Қаршыға Rizin тұжырымындағы екінші жекпе-жегінде тамаша жеңіске жетіп отыр. Қаршыға енді чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін. 
Айта кетейік, Қаршыға Дауытбек шаршы алаңдағы он бесінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол үш мәрте қарсыластарына есе жіберген еді. Қазір сегіз жекпе-жек қатарынан жеңіп келе жатыр.
30 қыркүйек 2024 ж. 272 0