Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қытайдағы қандасымыз Тайлақ Нұражы Shui Combat-1 турнирінде нокаутпен жеңіске жетті

Қытайдағы қандасымыз Тайлақ Нұражы Shui Combat-1 турнирінде нокаутпен жеңіске жетті

Қытайдың қазағы Тайлақ Нұражы Қытайдың Құлжа қаласында өтетін Shui Combat-1 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті. 

Этникалық қазақ Тайлақ Нұражы Қытайда өткен турнирдің басты кездесуінде жекпе-жекке шығып, жарқын жеңіске қол жеткізді. Құлжа қаласында өткен Shui Combat-1 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсеткен Тайлақ қазақстандық спортшы Кирилл Карпекинге қарсы жұдырықтасып, бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша Тайлақ кәсіби мансабындағы он үшінші жекпе-жегінде қарсыласынан басым түсті. Бір қызығы. Тайлақпен жекпе-жекке шығудан жиырмадай спортшы бас тартқан. Тек Ақсу қаласында өткен WKG & M-1 Global турнирінде Тайлақпен бір кардта өнер көрсеткен Кирилл Карпекин ғана жекпе-жекті қабылдаған. 
Тайлақ Нұражы Naiza 57 турнирінде бразилиялық Дуглас Пуманы ауыр нокаутқа жіберіп, қазақстандық жанкүйерлердің жадында жарқын жеңісімен қалған еді. 
12 тамыз 2024 ж. 1 803 0