№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА

АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА

Бүгін Республикалық халықтық штаб мүшелері бірқатар мазмұнды кездесу өткізу мақсатында Жаңақорған ауданына арнайы келді. Кездесуге Мархабат Жайымбетов, Нұрлан Көптілеуов, Серікбай Өмірзақов, Жанкелді Ысқақ, Жорабек Нұрымбетов, Нуридин Амитов, Пірмұхаммед Сыздық, Бақытхан Абдикаримов сынды ел азаматтары қатысты.
Әуелі аудан жастарымен кездесу мақсатында, аудан орталығындағы Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжіне барып, Қазақстан үшін АЭС құрылысының стратегиялық маңызын түсіндірді.
Кездесу барысында, осы уақыт аралығында еліміздегі ғалымдар мен тиісті сала мамандары атом электр станциясын салудың қажеттілігін жан-жақты дәлелдегенін әңгімеге арқау етті.
«Әсіресе, біздің елімізде қызмет етіп жатқан БН-350 реакторлық қондырғысы 25 жыл жұмыс істеп, үкімет қаулысымен 1998 жылы тоқтатылды. Тоқтатпағанда әлеуеті зор атом электр станциясы жұмыс істей беретін еді. Қазір АЭС Қазақстанға өте қажет. Өздеріңіз көріп отырғандай, соңғы екі-үш жылда су, электр тогы жетіспеушілігі болып жатыр. АЭС салынса, мемлекетті электр энергиясымен толық қамтуға болады» - деді Нұрлан Көптілеуіов.
Қазіргі уақытта елдің көп бөлігін көмір станциялары электр қуатымен қамтамасыз етеді. Олардың қаупі 80 есе жоғары. Атом электр станциясының құрылысы МАГАТЭ халықаралық агенттігінің қатаң бақылауында болатынын халық қалаулысы Мархабат Жайымбетов егжей-тегжейлі айтып өтті.
– Мемлекет тағдырына қатысты кез келген маңызды шешім халықтың қатысуымен және оның пікірін ескере отырып қабылданады. Президентіміз ұстанған саясаттың бұлжымас қағидасы – осы. Бұл – біздің қоғамда жаңа саяси мәдениет қалыптасқанының көрінісі. Біз әр қадамды нық басып, реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеміз. Түпкі мақсат – оны әр азамат, әр отбасы сезінуге тиіс, – деді ол.
Сондай-ақ, штаб мүшелері электр энергия тапшылығы бүгінде еліміздің оңтүстік өңірлерінде айрықша сезілетінін атап өтті. Былтырғы қорытынды бойынша дефицит 3,1 млрд кВт/сағ құрады. Салыстыру үшін айта кетсек, орташа есеппен 100 мың тұрғыны бар бір қала 700 млн кВт/сағ тұтынатынын тілге тиек етті.
20 қыркүйек 2024 ж. 265 0