№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АЭС салу жөніндегі облыстық Халықтық штабының алғашқы отырысы өтті

АЭС салу жөніндегі облыстық Халықтық штабының алғашқы отырысы өтті

Қызылорда облысы бойынша АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық Халықтық штаб құрылып, алғашқы отырысы өтті. Жиынды партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов ашып, штаб жұмысының мақсатын түсіндіріп, нақты жобаларға тоқтала кетті. Облыстың 7 ауданынан «Zoom» бағдарламасы арқылы бейне байланыс орнатып, белсенділік танытты. Жаңақорған аудандық «AMANAT» партиясы «Ордакент» ардагер, жастар ресурстық орталығында жиналып, штаб мүшелерімен бірге алғашқы отырысты мүлтіксіз тыңдап, қолдау білдірді.
Сондай-ақ, жиын барысында облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов алғы сөз алды:
«4 қыркүйек күні Астана қаласында беделді саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Оның құрамына «AMANAT», «Ақ жол», «Қазақстан халық партиясы», «Ауыл», «Respublica», «Байтақ» партиялары мен 20-ға жуық республикалық қоғамдық бірлестіктер еніп, өз жұмысын бастады. Бұл ұйымдар ел аумағындағы миллиондаған адамның мүддесін білдіруде.
Басты мақсат – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды. Осы мәселені шұғыл әрі түбегейлі шешу керек.АЭС салу туралы шешімді қабылдай отырып, біз еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін біржолата бекітеміз. Болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра етіп қалдырамыз. Бұл тарихи шешім Әділетті Қазақстанды құру жылнамасындағы жаңа парақшаға айналады»,- деді Алмасбек Есмаханов.
Енді, бүгіннен бастап облыстық Халықтық штаб мүшелері ел аумағындағы ұйымдастырушылық ресурстарын біріктіріп, өңірлердегі сайлаушылармен белсенді жұмыс жүргізе бастайды, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді, шалғай елді мекендерге барады. Бұл қадам барша сайлаушыларды үгіт-насихат жұмысының әртүрлі форматымен қамтуға мүмкіндік береді.
Облыстық Халықтық штаб мүшелері атом электр станциясына, яғни мықты әрі дамыған Тәуелсіз Қазақстанға дауыс беруге шақырып, 6 қазан күні барша өңір тұрғындарын алдағы жылдардағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға үгіттемек. Осы ретте айта кетейік, өңірде референдум тақырыбын халыққа түсіндіретін 374 адамнан тұратын 9 штаб құрылып, топ басшылары белгіленді. Оның құрамына аймақтағы 6 партия өкілдері, қоғам қайраткерлері мен белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар, түрлі сала өкілдері енгізілді. Жиынға барлық штаб мүшелері оффлайн және онлайн форматта қатысып, алдағы міндеттерді пысықтады. Ортақ мүдде жолындағы ұсыныс пікірлерімен бөлісіп, бірлесе жүйелі ұйымдастырылған жұмыс өз нәтижесіне беретініне сенім білдірді.
06 қыркүйек 2024 ж. 596 0