№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ауыл тұрғындары референдумды қолдайды

Ауыл тұрғындары референдумды қолдайды


Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы облыстық, аудандық штаб мүшелері Нағи Ілиясов ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындарға алдағы референдумның маңыздылығы айтылып, дауыс беру ережелері түсіндірілді.

Штаб мүшелері Ата заңға енгізілетін өзгерістердің болашақта халықтың жағдайының жақсаруына оң әсер ететінін баса айтты.

«Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейте отырып, сайлау жүйесін реформалау, жаңа саяси партиялардың құрылуы маңызды. Сондықтан әрбір азаматтың ұсынысы, қолдауы және белсене атсалысуы референдумның іске асуына ықпал етпек. Бұл референдум арқылы тарихи шешімдер қабылданады.

Сондықтан ел тағдырына бей-жәй қарамайтын әрбір адам өз таңдауын жасап, осы науқанға атсалысуы керек», деді өз сөзінде аудандық штаб төрағасы Еркебұлан Жақып.

Жиынға келген ауыл тұрғындары реформаларды қолдап, референдумға белсенді қатысатындарын атап өтті.
27 мамыр 2022 ж. 690 0