№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ – МӘҢГІЛІК ЕЛ ТІРЕГІ

МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ – МӘҢГІЛІК ЕЛ ТІРЕГІ


Тіл – ұлттық құжатымыз, кісілік келбетіміз. Тәуелсіздікті айрандай ұйытып отырған мемлекеттік тілдің мәртебесі биік. Еліміздің саяси тұрақтылығын сақтап, мереке аясында аудан төңірегінде жүзден аса тақырыпта мәдени-рухани шара шымылдығын түрді.


Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында аудан әкімі Мәжит Самитұлы мемлекеттік тілді насихаттап жүрген бір топ тіл жанашырларын қабылдап, мерекелік лебізін білдірді.
– Бұл мереке – Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Біздің елімізде 130-дан аса өзге этнос өкілі тұратын болса, Жаңақорған ауданының өзінде 17 ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Барлығы ана тілінде сөйлейді, қазақ тілін құрмет тұтады. Біз көпұлтты мемлекетпіз. Бұл тарихи даму жолымен қалыптасты және бұл біздің еліміздің кемшілігі емес, басқалардан артықшылығы. Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Бұрынғы даналардан қалған «Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың» деген сөз бар. Әрине, құптарлық пікір, – деді ол.
Басқосуға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Ізәтілла Нәр­зілдаев, Еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы облыс құрама командасының аға жаттықтыру­шы­сы Илман Изатов, жеке кәсіпкер Артур Андриасян, Светлана Нещерет және №169 орта мектебі­нің бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Корнева қатысып, мемлекеттік тіл мәртебесі жайында өз ойларын жеткізді.
Арнайы қабылдауда бас қосқан азаматтарға аудан әкімінің арнайы «Алғыс» хаты табысталып, құрмет көрсетілді.
Рухани шара аудандық мәдениет және тілдер­ді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Орда­кент» Жастар ресурстық орталығының «Татулығы жарасқан – Тәуелсіз Қазақстан» атты салтанатты шараға ұласты. «Ордакент» ғимаратының кіребе­ріс фойесінде тілдер күніне арналған кітап көрме­сі мен өзге ұлт тағамдарынан дастархан мәзірі ұйымдастырылды. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкері Мақпал Қасымханқызы «Тіл – халық пен мәдениеттің жарық жұлдызы» атты кітап көрмесін таныстырып, осы тақырыпта жарық көрген қаламгерлердің еңбегін насихаттады. Оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеуді мақсат еткен көрмеде құнды жәдігерлер мен Алаш көсемдерінің қанатты сөздері оқырман қауымға терең ой тастады. Ауданда мамыражай күн кешкен ұлт өкілдері ұлттық нақыштағы киімдерімен келіп, ұлттық тағамдарын ұсынды.
Мәдени шарада аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы және «Amanat» партиясы аудандық филиал төрағасы Арман Мажитов аудан тұрғында­рын мерекемен құттықтап, өзге ұлт өкілдері мен тіл жанашырларына «Алғыс хат» табыстап, сый-сияпат көрсетті. Солардың қатарында Қызылода облысының қоғамдық даму басқармасының «Тіл­дерді оқыту» орталығының Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік тіл оқытушысы Айгүл Төлепбергенова, Қызылорда облысының қоғам­дық даму басқармасының «Қоғамдық келесім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жаңақор­ған ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Асхат Ильясов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіске­рі Меруерт Абдулина, Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің әдіскері Сәкен Ахатаев, көп балалы ана Ырысай Ғаниева, №53 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Александр Ногай, жас­тар ресурстық орталығының маманы Бекзат Қайрат­ұлы марапат мінберінен көрінді.

Мақпал МАРҚАБАЙ
07 қыркүйек 2024 ж. 659 0