№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды

«Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды

Елімізде тұңғыш рет жергілікті жерде ашылып жатқан оңалту орталығы біздің ауданның еншісіне бұйырып тұр екен. «Қамқорлық» балаларға арналған оң­алту орталығы инновацияның озық үлгісімен жарақтануымен ерекшеленеді. Мұнда нейро-ортопедиялық аурулары бар, сондай-ақ дамуында кешеуілдеуі бар балаларды оңалтудың әлемдік үздік әдістеме­лері мен заманауи тәсілдері енгізілген. Осы орталықтың ашылу салтанатына арайы атбасын бұрған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге «Қазақстан халқына» Қорының денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау саласындағы бағдарлама­ларды басқару орталығының басшысы Гүл­зия Бидатова, «Қамқорлық» Корпо­ра­тивті қоры директорының орынба­сары Гүлмира Әбілдинова қатысып, орталықтың жұмысымен танысты.
Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңір халқының саулығы мен сәлеметтігін арттыруда атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше тоқталды. Аймақ басшысы тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, «Қамқорлық» қоры басшылығына алғыс білдірді.
– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында меди­циналық көмекті қолжетімді ету, ана мен бала өлімін азайту, балалар мүгедектігінің алдын алу бағытында нақты міндеттер жүктеді. Біз адам жанының арашасы болған дәрігерлерді жан-жақты қолдауға әрдайым мүдделі­міз. Қазір ел Президентінің, Үкіметтің қолдауымен өңірімізде ана мен бала саулығын сақтауға бағытталған маңызды жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Биыл денсаулық сақтау саласына 140 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл мақсатқа бюджеттен тыс ресурстар да тартылуда. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен тұрақты әріптестік байланыстамыз. Қор соңғы екі жылда өңірдің денсау­лық сақтау саласына 2 млрд теңге қаржы бағыттады. Бұл қаржыға облыс­тық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» реабилитациялық орта­лығы ашылып, аса қымбат дәрі-дәрмек алынды. Қор облыстық онкология орталығын республикада 3 облыста ғана бар, құны 1 млрд 100 млн теңге тұра­тын скринингке арналған жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз етті. Бюджет қаражатын оңтайлы пайда­лану мақсатында осы «Қамқорлық» оң­алту орталығының ғимараты күрде­лі жөндеуден өткізілді. Озық үлгідегі жабдықтармен жарақталды. Орталық­та жылына 2000-ға жуық баланы оңалтуға мүмкіндік бар. Жоғарыда атап өткеніміздей, осындай заманауи орталық бұған дейін облыстық балалар ауруханасының жанынан ашылған. Ол жүйелі және кешенді тәсілдермен жұмыс жасап, тиімділігін көрсетті. Сондықтан біз мұндай орталықтарды аудандарда да ашу туралы шешім қабылдадық. Дәл осындай нысан жыл соңында Арал ауданында да ашылады, – деді аймақ басшысы.
Еліміз бойынша медицина саласы емдеу мен ем алу жұмыстарының сапа­сын арттыруға жаңадан онкологиялық бөлімшесі бар, бір мезетте 100 келушіге арналған құны 36,400 млн теңге тұратын орталық аурухананың құрылысы жүруде. Бұл да алдағы екі жылда ел игілігіне пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, құны 2 млд 700 млн теңге болатын Қан орталығы құрылысы аяқталып, жұмысын бастады.
Ұлттық жоба аясында ауылдағы денсаулық сақтауды жақсарту бағы­тында 27 дәрігерлік амблаторияның құры­лысы жүруде. Оның 16-ы ел игі­лігіне табысталды. Оның біреуі Жаңа­қорған ауданының Қаратөбе ауылында іске қосылды. Енді қалған 11-і жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда ауыл ауруханасына Шиелі және Жаңақорған ауданы халқына арналған 3 млд теңгеге МРТ аппараты орнатылатын болады, – деді әкім.
Салтанатты жиында аудандағы бір­қатар медицина мамандары облыс әкімінің марапатына ие болды.
Марапаттау рәсімінен соң, жиналған көпшілік мекеменің жұмысымен таныс­ты. Мұнда қозға­лыс тірек бұзылулары­нан басқа, сөйлеу және психикалық даму­дың патологиясы байқалған балалар ше­тел аспай-ақ, өз елімізде емделе ала­ды. «Қамқорлық» оңалту орталығында мамандар әр балаға аурудың ерек­шеліктерін ескере отырып, қалпына келтіру емінің жеке бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Оңалту үшін қозғалыс дағдыларын дамытудың заманауи технологиялары қолданылады, оңал­тудың арнайы техникалық құрал­дары, тренажерлер, аппараттар мен аппараттық-бағдарламалық кешен­дер қолданылады. Бұл туралы осы орта­лықтың бөлім меңгеруісі Мөлдір Есқабылова көпшілікке жан-жақты айтып өтті.
– Біздің оңалту орталығымыз Қазақ­стан үшін инновациялық орталық бо­лып табылады. Онда нейро-ортопедия­лық аурулары бар, оның ішінде тірек қимылы бұзылысы бар балаларды оңалтудың әлемдік үздік әдістемелері мен зама­науи тәсілдері енгізілген. Кішкентай пациенттерді емдеуге барынша салалы тәсіл қолданылады. Балалармен жо­ғары білікті невропатологтар мен реа­билитологтардан басқа психологтар, дефекторлар айналысады. Сонымен қатар механотерапия жүргізіледі, тұз шахтасы, шунгит бөлмесі де бар» – деді ол.
Республика бойынша тұңғыш рет аудан өңірінде ашылып жатқан оңалту орталығы кешені соңғы үлгідегі заманауи техникалық құралдармен жабдықталған әрі халықаралық стандарттарға сай ем-дом жасалады. Осы орталықта қыз­мет етіп жатқан дәрігерлер, медбике­лер, жалпы осындағы әрбір қызметкер арнайы оқу курстарынан өтіп, біліктілік пен тәжірибе жинақтапты.
Көпшілік бас қосқан жиында «Қам­қорлық» Корпоративі Қоры ди­рек­торының орынбасары Гүлмира Әбіл­динова да өз ойын ортаға салды.
– Алыс аймақтарда емделіп жүр­ген жаңақорғандық балалар үшін бүгін қуанышты күн. Осы мекемеде заманауи талаптарға сай ем-шараларын жалғастыруға мүмкіндік алуда. Ем-шара орталықтарда 21 күнге ғана жалғасса, ендігі уақытта ата-аналар бастамасы­мен «үй жағдайында оңалту жұмысы» жобасы пилоттық жоба ретінде жүзеге асатын болады. Бұл тірек қимылы бұзылған немесе дамуында кешеуілдеуі бар балаларымызға арналады. Бізге жеткен мәліметтерде осы өңірдің мыңға жуық балалары оңалту жұмысын қажет етеді екен, – деді ол.
Басқосуда сөз алған «Қазақстан халқына» қорының денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау саласындағы бағдарламаларды басқару орталығының басшысы Гүлзия Бидатова Сыр өңірін­дегі жүзеге асып жатқан әлеуметтік жұмыстарға жоғары бағасын берді.
– Бұл орталық қаншама сәбидің жүрегіне үміт силап, жақсылыққа жете­лейді. Ерекше айта кетерлігі, Қызыл­орда облысы бала саулығы бойынша, оның ішінде онкологиялық дерттердің ерте сатысын анықтауда жүйелі жұмыс жасалып келеді. Осындай ізденімпаз әріптестердің ісін қолдамасқа құқымыз жоқ, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс атқара береміз, –деді қор өкілі.

Мақпал МАРҚАБАЙ
30 тамыз 2024 ж. 168 0