Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңақорғанда балаларды оңалтуға арналған қамқорлық орталығы ашылмақ

Жаңақорғанда балаларды оңалтуға арналған қамқорлық орталығы ашылмақ



Бүгін Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген «Help Today» қоғамдық қорының төрағасы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының құрылтайшысы, Қамқоршылық кеңесінің мүшесi Алиева Эльмира Айташқызына аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов жаңадан құрылысы басталып жатқан «Қамқорлық» оңалту орталығының жұмысымен таныстырды.
Орталықта 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың сауығып кетуіне барлық жағдай жасалады. Атап айтқанда емдік дене шынықтыру бөлмесі, массаж жасау, ойын бөлмелері мен оңалту құралдары секілді керек жарақпен толық қамтамасыз етіледі.
Одан бөлек монтессори педагогикасы науқастардың үй жағдайына бейімделуіне көмектеспек.
Сондай-ақ орталықта музыка, ойын терапиялары, асханасы да заманауи жабдықталады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Жаңақорған ауданында 500-ге жуық бала неврологиялық және туа бітті сал аурумен арнайы есепте тұрады.
12 қазан 2023 ж. 250 0