Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Денсаулық сақтау министрі Жаңақорғанда

Денсаулық сақтау министрі Жаңақорғанда


ҚР Денсаулық сақтау министрі Әлназарова Ақмарал Шәрiпбайқызы жұмыс сапарымен Жаңақорған ауданына келді. Іс-сапар барысында алдымен Ақмарал Шәрiпбайқызы ауданда ашылатын "Қамқорлық" оңалту орталығының алдағы уақыттағы атқарылатын жұмыс барысымен танысты.Одан соң Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасының патронаждық қызмет көрсету жүйесімен танысты.
Аудандық аурухана бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Туребаева патронаждық қызметтің жетістіктері мен кедергілері, алдағы қойылған мақсаттары бойынша баяндады. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ары қарай патронаждық қызметті, сәби өлімінің алдын алу бойынша жұмыстарды одан әрі жақсартуды тапсырып, аудандағы денсаулық сақтау саласының жұмысына оң бағасын бердi.

Сапар барысында Ақмарал Шәрiпбайқызы аудандық емханаға келуші тұрғындармен кездесіп, халық денсаулығын қорғау мақсатында министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты. Өз ретінде ауыл тұрғындары Денсаулық сақтау министрі мен медицина қызметкерлерiне ризашылықтарын білдірді.

245 төсек орынға арналған Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық ауруханасы цифрлы рентген, флюорография, маммография, ультрадыбыстық зерттеу, бронхоскоп, эндоскопиялық жүйе, уретроскоп, цистоуретроскоп, аудиологиялық қондырғы, электрокардиограф аппараттары және видеоэндоскопия, стоматологиялық рентгендік жүйесімен қамтылған.
Алдағы уақытта Жаңақорған ауданында "Қамқорлық" оңалту орталығы церебральды сал ауруы және тірек-қимыл аппараты аурулары кезінде омыртқа мен буындардың жүру және қозғалу дағдыларын қалпына келтіруге, неврологиялық, нейрохирургиялық және кардиохирургиялық науқас балаларға оңалту ем-шаралары жүргізетiн болады.
"Қамқорлық" оңалту орталығы әр баланың ауру ерекшеліктерін ескере отырып, қозғалыс дағдыларын дамытудың заманауи технологияларын қолданатын болады, яғни оңалтудың арнайы техникалық құралдары, тренажерлер, аппараттар мен аппараттық-бағдарламалық кешендер қолданылады.
Сонымен қатар 50 төсек орын болып ашылатын "Қамқорлық" оңалту орталығында дефектолог, логопед, психолог, физиотерапевт, эрготерапевт, механотерапия, бальнеотерапия, емдік-профилактикалық, шунгитті, тұзды, сенсорлы және интерактивті бөлме қызмет көрсетпек.

05 мамыр 2024 ж. 1 248 0