Облыста 27 медициналық нысанның берілгені көпті қуантады
Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың брифингте берген баяндамасында өте жақсы бастамаларды айтып өтті. Соның ішінде өңірдің денсаулық сақтау саласына 138,6 млрд теңгеден астам қаржы бағытталғанын және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 27 нысан салынағанын естігенде көңілім марқайып қалды.
Әсіресе, облыс әкімінің: «Өткен жылы 45 жедел жәрдем көлігі тапсырылса, биыл 25 санитарлық көлік алынуда. Былтырдан бері «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен әріптестік байланыстамыз. Қор соңғы екі жылда аймақ медицинасы мен білім саласына 4 млрд теңгеге жуық қаржы бағыттады. Бұл қаржыға облыстық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» реабилитациялық орталығы ашылып, 1,1 млрд теңге тұратын онкологиялық скрининг жүргізуге арналған екі жылжымалы медициналық кешен, өзге де құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмек алынды. Алдағы жылға да жоспарларымыз бар», – деген сөзі қарапайым халық үшін бұрын соңды болмаған жағдай.
Зөре Хайнекеева
зейнеткер дәрігер
зейнеткер дәрігер