№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Оқу жылы қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 594 қызметкер жұмылдырылады

Оқу жылы қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 594 қызметкер жұмылдырылады

Жаңа оқу жылы қарсаңында облыс полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істемек. Жаңа оқу жылының алғашқы күнінен бастап күнделікті мектеп алдындағы жол өткелдерінде балалар травматизмінің алдын-алу мақсатында таңертең, түскі және кешкі уақытта ювеналды және патрульдік полиция инспекторлары қызмет атқаратын болады. Сондай-ақ, республика көлемінде өтіп жатқан «Назар аударыңыз – балалар!» атты іс-шарасы аясында облыстағы 335 мектептің аумағында жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарына, жол белгілері мен жол үсті таңбаларына тексеру жұмыстары жүргізілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ердаулет Жаукеев айтты.

– Мемлекет басшысы өз жолдауында «Біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз» деп айтып, тиісті шаралар қабылдау үшін барлық мүдделі органдарға қажетті тапсырма берген еді. Балалардың қауіпсіздігі әрқашан басты назарымызда. Осы оқу жылының басталуымен оған екі есе ерекше назар аударпылатын болады. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп балалардың қауіпсіздігі бағытында тиісті шаралар қабылдануда. Осыған орай, полиция қызметі күшейтілген кестеге көшіріліп, 1 қыркүйек «Білім күні» барлық оқу ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 594 қызметкер мен 139 автокөлік жұмылдырылатын болады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін тұрақты түрде «Абайлаңыз, балалар!», «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!», «Балалар, жолда абай болыңдар!», «Мектепке жол» секілді профилактикалық шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, айта кететін Айта кететін тағы бір мәселе, қазіргі заман ағымына сәйкес, балаларымыз электросамокаттар мен гидроскутерлерге қызығушылық танытуда. Осыған орай олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысымен жол жүрісі туралы заңнамаға өзгерістер енгізіліп, 2023 жылдың 30 тамызында күшіне енді. Қабылданған Заңға сәйкес, электросамокаттар веложолдарда, жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетінде, оның ішінде маршруттық көліктерге арналған жолақтың бойымен бір қатарда 25 км жылдамдықпен қозғала алады және жүргізушілері 18 жастан жоғары, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар, шлемде болуы қажет. Электросамокатпен жолаушылар мен жүктерді тасымалдағаны үшін және жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік кодекстің 593 (шлемсіз басқару, жүк және жолаушы тасымалдау) және 620-бабымен(жүргізуші куәлігі жоқ) әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Біздің басты мақсатымыз – адамның өмірі мен денсаулығын сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы ретте жүргізушілердің назарына жылдамдықты межеден асырмай, жол ережелерін сақтап жүруге, жаяу жүргіншілер жол жағдайын ескеріп, тек белгіленген орыннан өту қажеттігін түсіндіреміз,- деді Ердаулет Баянбайұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
29 тамыз 2024 ж. 122 0