№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ГИДРОМАССАЖҒА СҰРАНЫС БАР

ГИДРОМАССАЖҒА СҰРАНЫС БАР


Денсаулықты қалыпқа келтіріп, сырқатқа шипа болуда массаж ем шараларының өзіндік орны бар. Бұлшық етке және денедегі басқа жұмсақ тіндерге массаж жасауға көмектесетін гидромассаж түрі ауылдық жерлерге де жетті. Кент орталығынан ашылған су мен қысымды ағындарды қолдану арқылы емдейтін массаж бөлмесі бар «Әмина» емдеу орталығына арнайы бас сұқтық.


Бұл емдік массаждың ерекшелігі неде? Бұл сұраққа жауап берген тәжірибелі маман Ақнұр Қалмырзаева:
– Бұл әдіс көбіне дамуы кешеуілдеген балаларға ұсынылады. Ем дәрігерлер­дің тағайындауымен жасалады. Ау­дан­дық емхана дәрігерлерінің арнайы нұсқаулығымен біздің орталықта ем алушылар қатары артуда. Кейбір аза­маттардың үй жағдайында осы ем-домды жасаймын деп қан қысымы мен дертін үдетіп алып жататын жайттар көп кездеседі. Сондықтан арнайы маманның көмегінсіз артық әрекетке бармаған жөн, – дейді.
Массажист Ақнұр Қалмырзаеваның негізгі мамандығы медбикелікті жан-жақты игеріп, оған қоса массаж жасау­дың қыр-сырын жетік меңгергенін білдік. Ісіне тиянақтылықпен қарайтын кәсіп иесіне сұраныс та артыпты. Он жылға жуық тәжірибе жинақтаған маман, кәсібін дөңгелетіп әкеткен ұқсайды. Биылғы жылы қайтарымсыз грант иегері болуы бастаған ісіне тың серпін беріп отырғанын да жасырмады.
Ежелгі грек және римдік өркениетінен өре тартқан су массажы ыстық немесе суық суда емдеудің ерекшелігімен танымал. Суда шомылу және жаттығу жасау гидротерапевтикалық әдістер болып саналғанымен, гидромассаждың өзіндік қыр-сыры бөлек. Дәстүрлі гид­ромассаж техникасының ем-домын алуға келген пациеттерге арналған арнайы шомылу киімі бар. Гидроқысымды ағынды өз қалауыңыз бойынша жиілік­ке жүйелеуге болады. Гидромассаж үстелдерінде температураны басқаруға көмектесетін термостаттар көмегімен денеге жағымды жылу қадағалауда болады.
Гидромассаж судың қосымша бону­сымен дәстүрлі массаж терапиясының көптеген артықшылықтарын ұсынады. Массаж терапиясының ең танымал артықшылықтарының бірі – жалпы релаксация сезімі. Кейбір жағдайларда бұл тіпті стресс пен алаңдаушылық­ты жеңілдетуге көмектеседі. Зерттеу­лер Ревматоидты артритпен ауыратын адамдар гидротерапияның ауырсынуды жеңілдететінін анықтады және көңіл-күйді жақсартты. Бұл туралы осы қызметті жиі алып жүрген жас спортшы Ырысалды Бақберген былай дейді.
– Үлкен жарыстарға дайындық кезінде түрлі жарақат алып қалатын кезіміз көп. Сондай жағдайлардың бірінде гидромассаж әдісін қолдан­ғанның пайдасы барын ұқтым.Жалпы гидротерапия ауырсынуды емдеуге көмектесетініне көз жетті. Тренажер залдары мен фитнес клубтары кли­енттерге жаттығудан кейінгі бұл­шықет ауруы мен шаршауды жеңілдету тәсілі ретінде гидромассаж үстелдерін ұсынып жатады. Біз осы күнге дейін аталған емді өзге өңірде қабылдауымызға тура келетін. Енді осы әдістің аудан орталығында ашылғаны қуантады, – деді ол.
Бір есте болатын жайт, дәрігердің тағайындауынсыз буын жарақаттары немесе сүйектер сынған жағдайда гидромассажды қолдануға болмайды. Массаж терапиясының тағы бір ықтимал артықшылығы – қан айналымын арттыру. Гидротерапияда қолданылатын суық судың қан ағымын арттыруы мүмкін еке­нін сезінесіз. Осындай артықшылықтарға қол жеткізу үшін массаж терапевтінен салқын сумен гидромассаж туралы сұрауға болады.

Мақпал ПАТЕНОВА
24 тамыз 2024 ж. 73 0