Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жеке клиникалардың жай-күйі

Жеке клиникалардың жай-күйі


Бәсекелестік пен сұраныс артқан сайын жеке қызмет көрсету сервисі де көбейіп келеді. Оның ішінде жеке клиникалардың әлеуеті артып, сапа сын көтере бастады. Біздің ауданда да бұл жүйе жолға қойылды.


«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дейді дана халқымыз. Ал, аурудың алдын алып, оны ерте емдеу үшін тәжірибелі маманның қажеттілігі туындайды. Адам жанының арашасы болған ақ халаттылардың саны артып, сапаға жұмыс жасауы – сау қоғам қалыптастырудың дара жолы. Орталық емханадан тыс өңіріміздегі жеке клиникалардың да әлеуеті артып келеді.
Бүгінге дейін дерті мазалаған науқас ем іздеп Түркістан мен Қызылорданы бетке алып кететін-ді. Медициналық қызмет көрсетілгенімен, түрлі талдау аппараттарының жоқтығы аудан тұрғындарына айтарлықтай мәселе болатын. Қазір аудан орталығында жеке клиникалар бой көтеріп, медициналық аппараттармен толықтырылып, түйткілді мәселе шешімін таба бастады. Осы ретте кент орталығындағы «Айгерім мед» клиникасы 2021 жылдан бастап ел игілігіне берілген жеке емхана, қарқынды жұмыс жасауда. Клиника күндізгі стационарлық емдеу және қайта оңалту қызметтері негізінде ашылған. Қазіргі таңда «Айгерім» клиникасында терапевт, УДЗ маманы, невропатолог, хирург, стомотолог, дефектолог-логопед, реабилитолог мамандар медициналық қызмет түрлерін көрсетіліп, электрофорез, дарсанвализация, магнитотерапия, электрокардиография, жалпы массаж сияқты емдік шараларды жасайды. Айтылғандардан бөлек, физиотерапия бөлімшесінде жүргізілетін дәрілік ингаляция, парафин, ультрадыбыстық терапия, СМТ терапиясы секілді емшара түрлері де қолжетімді.
– Клиника ашудағы басты мақсатымыз – халықтың сұранысын қанағаттандырып, аудандағы медициналық қызметтің дамуына өз үлесімізді қосу, – дейді емхана меңгерушісі Балжан Ильясова.
10-нан аса адамды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкердің айтуынша клиниканың бірінші қабатында орналасқан флюорография тұрғындарға ақылы немесе тегін түрде қызмет көрсетеді. Сондай-ақ терапевт, эндокринолог, травмотолог, гинеколог, кардиолог дәрігерлер алдын ала белгіленген сағат бойынша тегін консультациялық қызмет көрсететінін білдік. Емхананың екінші қабаты оңалту орталығы ретінде жасақталған. Онда қандай да бір науқас түріне ыңғайлы жеке кабинеттер бар. Олардың әрқайсысына функциональды кроваттар қойылған. Емхананың бір ерекшелігі, арнайы құрылғылармен жабдықталған физкабинеттер жұмыс жасап тұр.

«Айгерім мед» клиниканың өз пациенттеріне тағы бір сүйінші хабары, емдеу орталығына ауданымыздағы алғашқы МРТ аппараты әкелінді. 150 кг дейінгі салмақ дәрежесіне арналған жаңа аппаратпен толығу аудан тұрғындарының тағы бір сұранысын қанағаттандырғаны рас. Сөз басында айтқанымыздай, науқастың жай-күйі МРТ аппаратын қажет етсе, жанын қоярға жер таппай, ел кезіп кететін. Оңтүстік өңірдің өзінде «МРТ-ға түстім, оқитын маман жоқ» – дегенді жиі еститінбіз. Осы орайда, емханадағы МРТ нәтижесі өздерінен оқылатынын да айта кетуді жөн көрдік. PhD дәрігер Бауыржан Қалиев емханамен келісім шарт негізінде радиолог маман қызметін атқарады. Яғни, 24 сағат ішінде МРТ нәтижеңізді арнайы маманның түсіндірмесімен қоса ала аласыз.

Ішкі органдар мен қан тамырларды да зерттеу жұмыстарын жүргізуді алға қойған емханада массаждың жалпы массаж, «Fohow – БЭМ» аппаратымен массаж, Нуга-Вест массаж кроватымен емдеу түрлері пациенттерге қызмет көрсетуде.
Ауданымыздағы емханалардың алдыңғы қатарында «Айгерім мед» клиникасынан басқа, «Ислам мед», «Керемет» клиникалары ел игілігі үшін жұмыс жасауда.

Жәмила ЕРМАХАН
03 ақпан 2024 ж. 210 0