№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жұқпалы дерт кісі таңдамайды

Жұқпалы дерт кісі таңдамайды


Бір жастағы сәбиімнің іші өтіп, құсып, екі күн бойы ыстығы түспеді. Бет-аузы бөртіп, халі ауырлай бастаған соң, «Жедел жәрдем» шақырып, аудандық жұқпалы аурулар ауруханасынан бір-ақ шықтық.


Дәрігерлер тексеріп, ем жүргізуді қолға алды. Жаңадан түсіп жатқан біз ғана емес, қасымда тағы екі келіншек баласын құшақтап отыр. Медбикелер зыр жүгіріп, орын тапшылығын шеше алмай әлек.
Не керек, бір палатаға алты ана баламызбен бір­ге жайғастық. Ал содан бөбектерімізге, біре­се тамырдан, біресе жамбастан дәрі егу бас­талды.
Дәрігер нұсқамасымен жасалған кешенді ем-шара нәтижесін беріп, дерттің беті бері қарады. Десек те, журналист ретінде жұқпалы аурулардың түрі және одан сақтану жағдай­ына жан-жақты көз жеткізуге тырыстым.
Дәрігер науқастың дәрежесіне қарай ем тағайындайды.
Жедел респираторлық-вирустық инфек­циялық аурулар жеңіл, орта және ауыр деп бөлінсе, өте ауыр түрі бірден жансақтау бөлімшесіне жіберіледі екен. Алдымен ауру­хананың жұқпалы аурулар бөлімшесінің мең­герушісі Әсел Сейіловадан аталған індеттің қайдан, қалай пайда болатыны және емдеу жолдары туралы айтып беруін өтіндік.
– Шыны керек, қазіргі уақытта вирус мезгіл таңдап жатқан жоқ. Балалардың арасында лорингит өте көп. Бірақ, ауа райы ылғалды емес, құрғақ. Бұл аурудың өршитін уақыты емес. Соған қарамастан, ауруханаға түсіп жатқан балалардың басым көпшілігі лорингитпен ауырып жатыр. Қазір «маусымдық» деген ұғым жоғалды. Бұрын қыста суық тию, жазда жұқпалы ішек аурулары болса, бүгінде вирустың түрі көп, мезгілге де қарамайтын болды, ауа тамшылары арқылы жайыла береді. Бір күнде 17-18 науқасқа дейін қабылдап жатырмыз. Әлбетте, қазіргі маусымда ішек инфекциясы кеңінен таралатын уақыт қой. Ол – гигиеналық тазалықты сақтамаудан, жуылмаған көкөністерден, піспеген сүттен, сапасыз тағамдарды пайдаланғаннан, шала пісірілген тағамдарды қолданғаннан, ауыз суды қайнатпай ішкеннен жұғады. Оның үстіне, ата-аналар баласына дайын тағамды әперуге әуес. Оның құрамы толықтай химикаттардан жасалған. Оны жеген баланың асқазаны бұзылатыны белгілі. Менің таң қалатыным, екі-үш айлық балаларды емдеп жатырмыз. Аналары омыраудан ерте шығарып жібер­ген, қосымша тамақтандырады. Оның үстіне, жаздың ыстық мерзімінде теңіз жағалауын­да, ашық суға шомылу да қауіпті. Себе­бі, абайсызда жұтқан су ішек ауруына әкеп соқтыруы мүмкін. Шомылу барысында сон­дай-ақ түрлі бактериалды ауруларды, яғни, несеп жолдарының инфекциясын жұқтырып алулары ықтимал, – деді бөлімше басшысы.
– Осы тұста айта кетіңізші, жас аналардың көпшілігі балалары ауырса не істерін білмей, әуреге түсіп жатады. Баланың иммунитетін қалай көтеруге болады?
– Әдетте ішек инфекциясын жұқтырған баланың дене қызуы көтеріліп, іші қайта-қайта өтеді. Асқа тәбеті болмай, құсады, мазасызданады, басы ауырады. Дәретіне қан немесе кілегей араласады. Қайта-қайта іші өтіп, құсқандықтан баланың ағзасы тіршілікке қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады. Осының әсерінен әбден қалжырап, әлсіздік пайда болады. Егер аталған белгілер байқалса, дереу дәрігерге қарату керек және мұндай кезде алғашқы көмек көрсетілуі қажет. Бұл кезде балаларға регидрон ерітіндісін берген жөн.
Дерттің алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу дәрігермен кеңесу керек. Емдеу кезінде вирусқа қарсы және микробқа қарсы баланы суықтан қорғау үшін иммундық жүйені нығайтатын және эпидемия мен тұмау кезінде инфекция қаупін төмендететін алдын алу шараларын жүргізу қажет. Ол үшін бөлмені желдету, салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, түрлі дәрумендер, жеміс-жидектерді рационға қосу қажет. Толыққанды демалыс та үлкен маңыз­ға ие. Мәселен, 7 жасқа дейінгі балаларға күндізгі ұйқы қажет, ал кейбір балалар тіпті 8 жасқа дейін түстен кейін демалуды әдетке айналдырса жөн. Ұйқының өзіндік пайдасы бар. Ұйқы кезінде дене жұмсалған энергияны қалпына келтіреді, бұл иммундық қорғанысты нығайтуға көмектеседі.
– Балалар арасында денелеріне түрлі жара шығып, асқынулар көбейіп жатыр екен. Ата-аналардың сөзінше, сары жараның белгілері бар көрінеді. Бұған не дейсіз?
– Оның барлығы осы вирустың әсері. Бірақ бізге түсіп жатқан балалар арасында ондай белгілер әзір байқалмады. Бәлкім, ата-аналар үйден емдеп жатқан болар. Ең бастысы, баланы қараусыз қалдырмау керек. Қазіргі жағдай бәрімізге белгілі, қол қусырып қарап отыратын уақыт емес. Барынша сақтанған абзал, – деді ол.
Ауа райы құбылып, жаздың аптап ыстығынан жұртты әбігерге салатын дерттің екпіні күшейеді. Көпшілікке жиі жұғатын бұл вирустың қазіргі қарқыны қатты. Ішек инфекциясы дертінен еліміз бойынша, әсіресе кішкентай сәбилер мен мектеп жасын­дағы балдырғандар қатты зардап шегуде. Сондықтан балаңыздың аузына салған әрбір тағамына жіті қарап, бақылау қажет.

Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ
22 қыркүйек 2024 ж. 306 0