Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Павел Дуров Қазақстанның ауыл балаларына арнайы грант бөлді

Павел Дуров Қазақстанның ауыл балаларына арнайы грант бөлді

Сурет: Айдын Рақымбаевтың Facebook парақшасынан
Telegram желісінің негізін қалаушы ресейлік Павел Дуров Қазақстандағы ауыл балалары үшін IQanat мектебіне құны 356 000 АҚШ долларын құрайтын 12 грант бөлді. Бұл туралы кәсіпкер Айдын Рақымбаев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Павел Google Map-та біздің мектепті көріп, қызығушылық танытқан еді. Оның өтінішін бірден қабыл алдық. Сапар барысында ол оқу процесінің егжей-тегжейін, мыңдаған ауыл баласының қай форматта олимпиадаларда іріктелетінін сұрай бастады. Қарапайым ауыл балаларының керемет нәтиже көрсетіп, шетелдік университеттерге грантқа түсетінін білген ол грант ала алмаған бірнеше баланың оқуына ақша төлеуді ұсынды»,— деді ол.
Павел Дуров өзі ұсынған грантқа лайық ауыл балаларын өзі зерттеп, іріктеуге қатысқан.
Айта кетейік, грант иегерлерін таңдау барысында оқушылардың академиялық жетістіктері, қоғамдық белсенділігі және шығармашылық қабілеттері ескерілді. Әр гранттың құны шамамен 29 666 АҚШ долларын құрайды.
15 тамыз 2024 ж. 252 0