№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Павел Дуров Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды

Павел Дуров Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды


Әлемдік интернет кеңістігіне "Вконтакте", "Telegram" әлеуметтік желісін сыйға тартқан Павел Дуров Қазақстан журналистер одағының сыйлығына ие болды. Дәлірек айтсақ, ресейлік азамат конкурстың «интернет-жоба» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған. Бұл жайлы Қазақстан журналистер одағының facebook-тегі парақшасында хабарланды. Барлығы 12 журналист және1 шығармашылық ұжым атаулы сыйлықтың лауреаты атанған.  «Вконтакте» әлеуметтік желісі алғаш рет 2006 жылы Павел Дуровтың басшылығымен жарыққа шыққан. Сол уақыттан бері бұл желі интернет тұтынушыларының арасында үлкен танымалдылыққа ие болып, қолайлылығымен жаппай қолданысқа енді.

2014 жылға дейін компанияның бас директоры болған Дуров мырза бұл желіні сатып жіберді. «Вконтактеге» қош айтып қана қоймай, Ресейден де көшіп кетті. Солайша, осы әрекеттен кейін жаңа желі ойлап табуға кірісіп, көп уақыт өтпей оны қалың жұртшылыққа таныстырды да. Бұл бүгінде әлем бойынша үлкен дау тудырып үлгерген Telegram мессенджері еді. Telegram желісі 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бірнеше ерекше функцияларға, айрықша қызметке ие желі жаппай қолданысқа еніп кетті. Бүгінде мессенджер қолданушыларының саны 200 миллионнан асқан. Алайда, оған қарсы күрестің де басталғанына 1 жылға жуық уақыт өтті. Әсіресе, Ресей билігі Дуровтың жаңалығын қолдамай отыр. 2018 жылдың 16 сәуірінен бастап Ресей аумағында бұл желіні бұғаттау туралы заң шығып, қарапайым халықты Telegram-ға кіргізбеудің түрлі тәсілдері ұйымдастырылуда.  Әлеуметтік желі деген ұғым ғаламтор парақшаларына ең алғашқы рет 1995 жылы енгізілді. Classmates.com деген атаумен ең бірінші сыныптастар желісі жарыққа шықты. Осы сайттың артын ала Facebook, MySpace сайттары да ғаламның ғаламтор тұтынушыларын қуантты. Енді міне, Telegram мессенджерінің артықшылықтары желі арасында кішігірім төңкеріс жасап жатыр. Telegram-нан бас тартудағы негізгі себеп, ондағы хабарламаларды назарда ұстау мүмкін емес. Өйткені ол, Павел Дуровтың басшылығымен қауіпсіз хабар алмасу үшін дайындалған еді. Ал, дәл осы мессенджерді жарыққа шығарудағы негізгі идея неден туындағанын осыған дейін жазған едік. Атаулы мессенджер Қазақстан аумағында да ара-арасында бұғатқа ілігіп, қосымша әрекеттерді орындау кезінде қиындық тудырады. Егер мессенджеріңіз көп "ойланып", бұйрықтарды толыққанды орындамай жүрген болса, Massaget.kz порталының Telegram желісіндегі арнасына тіркеліп, арнайы прокси-серверді орнатсаңыз болады. Сілтемеге басып, арнамызға өтіңіз!

Дереккөз: мassaget.kz
22 маусым 2018 ж. 934 0