№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сот төрағасы тағайындалды

Сот төрағасы тағайындалды


Жаңақорған аудандық сотының кеңейтілген отырысына Қызылорда облыстық сотының судьясы Мұхтар Еркінбеков арнайы келіп, ҚР Президентінің 2024 жылғы 29 шілдедегі №306 Жарлығымен тағайындалған аудандық соттың төрағасы Айдос Жолдыбаевты таныстырды.
Алқалы жиынға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, аудан прокуроры Дабыл Аянұлы және аудан адвокаттары мен мемлекеттік орган басшылары, бөлім қызметкерлері қатысты.
Жаңақорған аудандық сот төрағалығына тағайындалған Айдос Кәрібайұлының жұмыс өтілі мен өмір дерегі таныстырылды.
– Айдос Кәрібайұлының аудан сотының төрағасы қызметінде өзінің кәсібилігін жан-жақты көрсете алатыны сөзсіз. Өйткені, ол осы салада 10 жылға жуық қызмет атқарған білікті маман. Оның сот төрелігін жүзеге асыру және заңның үстемдігі мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету кезінде жоғары жауапкершілік танытатынына сенімдімін, – деді Мұхтар Еркінбеков.
Одан әрі аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов пен аудан прокуроры Дабыл Аянұлы сот төрағасын жаңа жұмыс орнымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі. Келесі кезекте заң саласының ардагері, адвокат Қасымбек Төлепбергенов сөз алып, іздерінен ерген жас буынның іс-тәжірибесінің ілгері жылжуына тілектестігін білдірді.
– «Елу жылда ел жаңа» дейді қазақ. Заң саласында жүргенімізге жарты ғасыр болыпты. Осы уақыт аралығында ауданның заң саласында қызмет еткен азаматтардың барлығының еңбегімен таныспыз. Мәселенің нүктесін қоятын сот төрағасының жуаупкершілік жүгі қашан да ауыр. Жастардың ауданымызға келіп, туған жерге қызмет етуі бізді қуантады, – деді ол.
– Өзіме жүктелген міндетке аса ұқыптылықпен қарап, ел игілігі жолында жұмыс жасайтыныма сенімдімін. Бүгін осы жиынға келген барша әріптестерім мен ел ағаларына алғысым шексіз, – деді аудандық сот төрағасы Айдос Жолдыбаев.
Айта кетейік, Айдос Кәрібайұлы 1986 жылы Шиелі кентінде дүниеге келген. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «заңтану» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Шиелі аудандық сотында жетекші мамансот приставы болып бастайды. Одан әрі Шиелі аудандық сотының аға сот приставы, бас маман қызметін абыроймен атқарған. Ал, 2015 жылдан бастап Шиелі аудандық сотының судьясы қызметін атқарып, еңбекқорлығының арқасында құзырлы орындардың марапатына бөленген. Мәселен, 2019 жылы Қызылорда облысы соттарының жас судьялары арасында өткен «Үздік сот процесі» байқауынан 1-орынды қанжығасына байласа, сот төрелігін жүзеге асырудағы табыстары мен белсенді қоғамдық қызметі үшін облыс әкімінің, облыстық сот төрағасының, ҚР Судьялар одағының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының «Алғыстарымен» марапатталған.
Иә, заң мен тәртіп – қоғам темірқазығы. Заңды құрметтеп, тәртіпке бағынған ел ғана қауіпсіз қоғам құрып, құқықтық мемлекет қалыптастыра алады. Ал, заңды сақтау – теңдік пен тәртіптің тұрақтылығы. Осы ретте, аудандық сот төрағасының тағайындалуы тәртіптің нығая түсуінің кепілі деп білеміз.

Айсұлу АЛДАНАЗАР

04 тамыз 2024 ж. 679 0