№38 (8749) 14

14 мамыр 2024 ж.

№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - басты міндет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - басты міндет



«Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығы» ғимаратында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оның алдын алу бағытында аудандық іс-шара өтті.
«9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай ұйымдастырылған форумға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, аудан әкімдігінің аппарат басшысы Бақтияр Ахметов, кент, ауылдық округтері әкімдері, бөлім басшылары, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов ашып, ауданда сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталып, осы бағытта әрі қарайда бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
Салтанатты шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары мен құқықтық қоғамды қалыптастыруға өз үлестерін қосып жүрген бірқатар белсенді азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясында ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы үздік мақала кокурсының жеңімпаздарын марапаттап, қаржылай сыйақылар табыстады.
Шара аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.
10 желтоқсан 2023 ж. 170 0