№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Апатты оқиғалар алдын алумен азаяды

Апатты оқиғалар алдын алумен азаяды

Сейсенбі күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында жолдағы қауіпсіздікті сақтау мәселелері талқыланды. Бұл жөнінде жанжақты тарқатқан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев биылғы жылдың алты айында облыс аумағында 311 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін, салдарынан 39 адам көз жұмып, 380 адам жарақат алғанын айтты.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол көлік оқиғалары 68,1 пайызға, жарақат алғандар 67,4 пайызға өскен. Оның ішінде Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғалары екі есеге артқан. Аймақ басшысы апатты оқиғалардың алдын алуда, қоғамдық қауіпсіздікті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әсіресе құқық қорғау саласына жауапты міндет жүктелетініне ерекше екпін берді. Өңірде аталған саланың материалдық базасын нығайтуға баса көңіл бөлініп отыр. Облыстық полиция департаментіне облыстық бюджеттен 3 млрд 252 млн теңге қаржы бөлінген. Биылғы жылы жергілікті бюджеттен тағы да 2 млрд теңге қаржы бөлініп, учаскелік инспекторларға 19 қызметтік автокөліктер алып берілгенін, алдағы уақытта тағы да қосымша қаржы бөлу мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді. Қызылорда қаласы аумағында 100 бейнебақылау камерасы мен 10 «Сергек» қондырғысы орнатылған. Соның өзінде жол көлік оқиғалары 120-ға, қайтыс болғандар саны 5 адамға, жарақат алғандар саны 150-ге артқан.
Облыстық полиция департаментіне орын алған жол-көлік оқиғаларының себебін зерделеу, ол бойынша нақты жоспар түзіп, рейдтік шараларды ұйымдастыруды, «Казавтожолдар ұлттық компаниясы Самұрық қорының» облыстық филиалына «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолы бойындағы жол белгілерін бір апта мерзімінде қалпына келтіруді тапсырды. Аймақ басшысы күн тәртібіндегі келесі мәселе – орман қорын далалық өрттен сақтау міндеттеріне жан-жақты тоқталды. Қызылорда облысы аумағында мемлекеттік орман қоры жерінің жалпы көлемі 7 млн гектарды құрайды. Оның ішінде 1,8 млн гектары орман алқаптары. Жыл басынан бері орман қоры жерінде 42,9 гектарды құрайтын 10 өрт оқиғасы тіркелген. Өңір басшысы осы жылдың 15 шілдесінде Үкіметтің қаулысымен кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарына лизингпен техникалар алуға қаржы қаралып отырғанын айтты. Бір қынжыларлығы, азаматтар жеке пайдасын көздеген әрекеттерімен табиғатқа залал келтіруді тоқтатпай отыр. Мәселен, малына қолайлы жайылымдық жер ашу, егістік аумағын қоршауға қада дайындауда заңсыз әрекеттерге барып жатады. Осы бағытта өткен жылы 21, ағымдағы жылы 5 жағдай полиция орындарымен құжатталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 202 бабы негізінде бөтеннің мүлкін қасақана жою бойынша тергеп-тексеру жүргізілді. Биылғы жылы Қазалы ауданы Бозкөл ауылдық округіне қарасты мекенде дала өрті орын алды. Синоптиктер тамыз айының да ыстық болатынын ескертуде. Бұған қарсы сақтық шаралары маңызды. Нақтылап тоқталсақ, шалғай орналасқан мекендерде өрт сөндіру бекеттерінің жұмысын күшейту, қолдағы бейімделген құралмен өрт сөндіруге мамандану бойынша тапсырмалар жүктелді.
Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендердегі өрт сөндіру бекеттері мен ерікті өртке қарсы құрылымдар істі нақты ұйымдастыру көзін табуы керектігі айтылды. 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елдімекендерде кезеңкезеңімен өрт бекеттерін құру жоспарына сәйкес облыс аумағында 10, оның ішінде осы Сырдария ауданында 2 өрт сөндіру бекеті құрылу үстінде. Оны талапқа сәйкестендіру барысы жөнінде тиісті тараптарға тапсырма берді.
Өрт қаупі кезеңінде орман шаруашылығына қарасты өрт сөндіру жасақтарының жұмыс кестесін күшейтілген режимде қайта түзу талабы қойылды.
Облыс әкімдігі мәжілісінен соң аудан әкімі Мажит Самитов бүгін Үкіметте қаралған екі мәселе бойынша өз өңіріміздегі жағдайға тоқталып, ауданда жол-көлік оқиғаларының 23-ке артуы, оның ішінде 4 оқиға көліктің малға соқтығуынан болғаны, ал қалған қайғылы жағдайлардың жол бойында бақылаудың әлсіздігінен, жол жүру ережелерінің сақталмағанынан орын алғанын ескертті. Бұл бағытта жауапты сала басшылығына нақты тапсырмаларын берді. – Жол-көлік оқиғаларын ретке келтіруде заманауи құрылғылармен жабдықталу мәселесі шешілген. Өткен жылы Жаңақорған кентінің 17 жеріне 21 бейнебақылау камерасы, 2024 жылы 26 жерге 78 бейнебақылау камерасы, барлығы 45 жерге 135 бақылау камерасы орналасқан. Енді осы құрылғыларды жедел басқару орталығына толық қосып, кәсіби қадағалауды жүйелеу керек, – деді әкім.

Баян ҮСЕЙІНОВА
04 тамыз 2024 ж. 153 0