№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Денсаулық нысандары – ел игілігіне

Денсаулық нысандары – ел игілігіне

Сейсенбі күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында елімізде Денсаулық сақтауды жаңғырту Ұлттық жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша өзекті мәселелерді қараған жиын өтті. Бұл жөнінде жан-жақты тарқатқан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жоба аясында биылғы жылы өңірімізде құрылысы жүріп жатқан 9 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-амбулаторлық бекетті 1 қазанға сақадай-сай пайдалануға беру жөнінде тапсырма берді.
– Шиелі ауданында 2 млрд 310 млн теңгені құрайтын 30 төсектік инфекциялық бөлімше құрылысы, оған қоса көпбейінді аурухананың қосымша құрылысына қордан 1 млрд 300 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Сол сияқты құны 2 млрд 300 млн теңге құрайтын Арал ауданы ауруханасы инфекциясы бөлімшесінің де құрылыс жобасы дайын. Ұлттық жоба аясында Арал ауданы ауруханасына қосымша құрылыс жобасы мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін 2 жоба біріктіріліп, тиісті министрліктермен қаржыландыру мәселесін шешуге жұмыс жасалатын болады, – деді ол.
Сонымен қатар Арал, Қазалы, Жаңақорған көпбейінді ауруханаларының қосымша құрылыстарын мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарын тездетуді тапсырды. Өткен жылы Ұлттық жоба аясында елімізде 85 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілсе, соның 16-сы біздің өңірге тиесілі. Бүгінде құрылысы жүріп жатқан 11 жаңа амбулаторлық нысанның сапасын қадағалау, оған қажетті маман-кадрлар мәселесін күні бұрын қолға алып, қаржыландыру бойынша мәслихатқа ұсынымдар беру туралы ескертті.
Жалпы, Ұлттық жоба аясында жаңадан салынып жатқан нысандар Мемлекет басшысының тікелей назарында екенін ұмытпай, жұмысты ширатуды тапсырды.
– Бүгін Үкімет отырысында бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері көлемін арттыру бойынша жоғары жетістігіміз атап айтылды, – деді аймақ басшысы. Жыл сайын мемлекет тарапынан аграрлық саланы қолдауға қомақты қаржы бөлініп келеді. Ауыл шаруашылығында даму бар. Өңірімізде алты айда ауыл шаруашылығында 28 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 4 пайызға өскен. Тамақ өнімдерінің көлемі 9,5 пайызға артқан, – деді ол. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығындағы егіс көлемін нақтылауды ескерткен аймақ басшысы «Жол картасында» белгіленген егіс көлемін әртараптандыру, минералды тыңайтқыштарды пайдалану және дала тұқымдарының үлесін арттыру көрсеткіштерінің кейбір аудандарда талаптағыдай орындалмай отырғанын сынға алды. Тағы бір кемшілігіміз, шаруалардың беріліп жатқан жеңілдіктерді өз деңгейінде қолданбай отырғанының себебі көбі одан хабарсыз, сондықтан түсіндірме жұмыстары жан-жақты жүргізу қажеттігіне назар аударды.
Аймақ басшысы одан әрі суды пайдаланғаны үшін келісім-шарт негізінде қаражаттың уақытылы төленуі мәселесіндегі кемшіліктерге тоқталды. Өңірдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірден-бір жолы – ауыл шаруашылығында инвестициялық жобаларды іске қосу арқылы инвестиция тарту. Осы бағытта жыл басында белгіленген жоба бойынша салаға жалпы 22 млрд 600 млн теңге инвестиция тартылуы керек. Осы бағытта аудандар жұмысына жеке-жеке тоқталды. Оның ішінде ауыл шаруашылығының негізі қорына инвестиция тарту Шиелі ауданында 57,4 пайызға, Сырдария ауданында 69,8 пайызға, Қармақшы ауданында 77,8 пайызға, Қызылорда қаласында 88,6 пайызға орындалғанын, тамақ өнімдерін өндіруде негізгі қорға салынған инвестиция облыс бойынша 136,8 пайызға артқанымен, көрсеткішті артқа тартып тұрған өңірлер бар екенін сынға алды. Сала басшыларына нақты тапсырма берді.

Баян ҮСЕЙІНОВА

27 шілде 2024 ж. 196 0