№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көптің игілігіне көлеңке түсіруге болмайды

Көптің игілігіне көлеңке түсіруге болмайды

Сейсенбі күні өткен мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақта автожол саласын дамыту және маусымдық кезеңдегі күрделі мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.
Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автожолдардың ұзындығы 3580 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1014 шақырымы республикалық, 550 шақырымы облыстық, 2015 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
2024 жылғы мемлекеттік бағдарламалар аясында өңірімізде жол саласын дамыту үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жалпы құны 61 млрд 100 млн теңгеге 101 жоба ұсынылды. Биылғы жылы жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен барлығы 33 млрд 300 млн теңге бөлінді. Оған ұзындығы 266 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдері жөнделетін болады. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 40 млрд теңгеден асады, облыстық бюджеттен қосымша қаражаттар жол құрылысын дамытуға қаралатын болады, – деді аймақ басшысы.
Өткен жылы өңірде жол құрылысын дамытуға 37 млрд 500 млн теңге бөлініп, оған 674 шақырым жолдар жөнделген екен. Бір өкініштісі, Қазалы ауданындағы Әйтеке би-Қазалы аудандық маңызы бар автомобиль жолының қайта жаңғырту жобасы мерзімінде бітпей, әлі созылып келеді. Мердігермен келісім-шарт бұзылып, қайта конкурс жариялануы істі кідіртіп, Байқоңырдағы көпқабатты үйлер мәселесінде де кезіккен осындай орынсыздықтарды сынға алды. Мұның астарында екіжақты заң талаптары сақталмайтынын ескерткен әкім тиісті тұлғаларды тұрғызып жауапкершілікті сұрады. Сол сияқты жаңадан салынып біткен жолдар сапасына да сын көп. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жақсы жағдайдағы жолдың үлесін 92 пайызға жеткізу тапсырылды. Анықталған кемшіліктер тез арада түзелуі тиістігін ескертті. Одан әрі аса өзекті болып отырған Қызылорда - Ақтөбе жолының құрылысын мерзімінде бастап сапалы аяқтау міндеті тұр.
Мұнан бөлек облыс аумағындағы саябақтарды жаңғыртудың, оларды көркейту-көгалдандырудың жобасын жасап ұсыну туралы тапсырманы созбалаңға салып келе жатқан басшыларды сынға алып, жұмысты ширатуды талап етті. Мәжілісте қаралған екінші мәселеге келсек, жыл басынан бері суға кету оқиғалары Қызылорда қаласында және Қармақшы мен Жалағаштан басқа барлық аудандарда тіркеліп отыр. Белгіленбеген орындарда суға түсіп, қауіпсіздікті сақтамаудан қайғылы оқиғалар көп орын алуда. Облыста он төрт адам суға кетті. Соның ішінде 10-ы жасөспірімдер. Осындай қайғылы оқиғалардың қайталанбауына бәріміз жауаптымыз. Кезекшілік, рейд ұйымдастыру керек. Осы бағытта тиісті салалардың жұмысты өз деңгейінде атқаруы жөнінде қатаң тапсырма берілді.
Содан соң тағы бір мәселе, тек облыс орталығында ғана емес, жергілікті жерлерде балалардың тынығуына арналған саябақ құрылысын жүргізуге қажетті қаржысы қаралып отыр. Тек осы мақсатта дұрыс орындар таңдалып жобасы берілуі керек. Осындай игі жобаның ертерек қолға алынуына кедергі келтірмей аудан басшылары ілкімді іс-қимыл жасауы керек. Аймақ басшысы 6 шілде күні «ҚайсарЖеңіс» командаларының арасындағы ойында орталық стадионда жарық сөніп қалғанын сынға алып, мұның өзі тиісті басшылардың алдынала маңызды орындарға сараптау жүргізіп, мониторинг жасап отырмауынан туындағанын сынға алды. Осы кемшілікке жол берген облыстық спорт, денешынықтыру және туризм басқармасының басшысы Жанмұрат Сейіловке, «КРЭК» АҚ-ның басшысы Батыржан Қаракөзовке қатаң сөгіс берілді.
Түйгеніміз, көптің игілігіне таза ниет, ортақ іс-қимылмен жұмылған талап қана тірек бола алады.

Баян ҮСЕЙІНОВА

13 шілде 2024 ж. 154 0