№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ең бастысы – ел денсаулығы

Ең бастысы – ел денсаулығы


2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ауылдық денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту Ұлттық жобасы іске қосылды. Апта басында өткен Үкімет отырысында осы мәселе жан-жақты талқыланды. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова хабарлама жасады.


Жоба шеңберінде алдағы уақытта 655 алғашқы медициналық санитарлық нысандарды салу және жұмыс істеп тұрған нысандарды кадрмен қамтамасыз ету міндеті көзделіп отыр. Жалпы 1100 медицина қызметкері жұмыспен қамтылатын болады. Қазір тиісінше жобалау сметалық құжаттары әзірленуде екен. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдар медицина мекемелерін интернетпен және қажетті құрал-жабдықпен қамту мәселесіне жауапты және нысандарды жабдықтауда отандық тауар өндірушілер өнімдеріне басымдық берілмек.
Ұлттық нысанды медициналық кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде салалық министрлік өңірлермен бірлесіп талдау жүргізуге тиіс.
Үкіметте қаралған мәселе бойынша өңір жұмысына баға берген аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев төмендегіше мәлімдеді:

– Ұлттық жоба аясында өңірімізде 15 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет ел игілігіне табысталды. Жыл соңына дейін тағы 11 медициналық нысан пайдалануға беріледі. Ағымдағы жылы құрылысы басталатын медициналық нысандардың мемлекеттік сараптама қортындысы алынды. Биыл ұлттық жоба аясында Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханаларын көпбейінді аудандық орталық аурухана деңгейіне жеткізу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда Шиелі, Жаңақорған ауданы көпбейінді ауруханаларына қосымша құрылыс жобасы мемлекеттік сараптама қарауына енгізілді. Жаңа денсаулық сақтау нысандары ұлттық жоба аясында медициналық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі, - дей келіп, осы бағытта талапты күшейтіп, жұмыс сапасын барынша қадағалау қажеттігін тапсырды.

Өткен жылдың соңында жаңа 25 санитарлық автокөлік алынған, осы жылы да шалғай елдімекендердегі медицина ұйымдарын санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етуге байланысты тиісті құжаттары экономикалық басқармаға беріліп отыр. Аймақ басшысы аудан әкімдеріне барлық салынатын медициналық нысандардың барынша халыққа ыңғайлы орынға орналасуын және қонысқа өң беретіндей көркем келбетте бой көтеруіне мүдделі болуды ескертті. Бұл жерде сапа мәселесі бірінші орында тұруға тиіс деді ол. Осымен қатар жаңа медициналық нысандарды жергілікті мамандармен қамтамасыз етуге осы кезден қатаң талапшылдық болуы керек. Медициналық ұйымдарды қажетті сапалы құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілу мәселесі де басты назарда болатынын айтты.
Әрі қарай Үкімет отырысында қосымша мәселе ретінде қаралған «Ауыл аманаты» жобасы талқыланды. Ауыл шаруашылығы өнімдері есебінің спецификалық деректерін нақтылауда ауыл әкімдері статистика басқармаларымен бірлесіп жұмысты тинақтау керек.
Өңірімізде «Ауыл аманаты» жобасына өткен жылғыға қарағанда қаражат екі есе көп бөлініп отыр. Өткен жылы 3 млрд-тай қаражат тартылса, биыл 5 млрд 700 мың теңге қаражат қаралмақ. Міне, осы мүмкіндікті пайдаланып, неғұрлым ірі жобаларды қолға алу, қолдағы малды сатып алатын көзбояушылық әрекеттен тыйылып, өңдеу ісіне мән беру, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесіне көңіл қоюды тапсырды.

Баян ҮСЕЙІНОВА
02 наурыз 2024 ж. 265 0