№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жыл басынан бері ӘМСҚ-ға қызылордалықтардан 500-ге жуық өтініш келіп түсті

Жыл басынан бері ӘМСҚ-ға қызылордалықтардан 500-ге жуық өтініш келіп түсті


Қызылорда облысы тұрғындарының өтініштерінің басым бөлігін медициналық қызметтердің сапасына қатысты мәселелер құрайды. Бұл туралы Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыныңоблыстық филиалыныңдиректорының м.а. Жұпар Алхожаева мәлімдеді.

Спикердің мәліметінше, 2024 жылдыңбірінші жартыжылдығында 468 өтініштүскен. Негізінен медициналық қызметтердің сапасы, медициналықкөмек көрсетуден бас тарту мәселелері бойынша.
«Көп жағдайда қызылордалықтар 1414 Бірыңғайбайланыс орталығы арқылыжүгінеді, желіге 220сұрақ пеншағым түсті.Одан бөлек, Қор мамандары «Qoldau 24/7»мобильді қосымшасында 219 өтінішті өңдеді. Мұнда құжаттар қоса берілген мәтіндік форматтағы өтініштер жолданады. Әрі қарай өтінішке реттік нөмір беріледі, содан кейін өңдеу мәртебесі бақыланады», - деді Жұпар Алхожаева.
ӘМСҚ-ның филиалының өкілі МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтарды Қордың fms.kz ресми сайтында және Telegram-да Saqtandyrybot арқылы да шешуге болатынын айтты. Сонымен қатар, жоғарыда аталған байланыс арналары арқылы, сондай-ақ Halyk Bank, Kaspi Bank мобильді қосымшаларында және egov.kz электронды үкімет порталында сақтандыру мәртебеңізді анықтауға болады.
Брифинг соңында спикер МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін қалай алуға болатынын түсіндірді.
26 шілде 2024 ж. 207 0