Қор халықтан денсаулық сақтау мәселелері бойынша 250 мың өтінішті қабылдап, өңдеді

Ол түсіндірулер мен консультацияларды талап ететін мәселелер бұрынғысынша басым екенін нақтылады - бұл 233 мың өтініш. Бұл ретте халықтың Қордың жеткізуші медициналық ұйымдарындағы көмектің сапасы мен қолжетімділігіне шағым беру үрдісі сақталуда.
2021 жылдың 1 тоқсанында халықтан барлығы 2475 шағым түсті. ТОП-5 шағым медициналық көмек көрсетуден бас тарту (35,7%), көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы (20,3%), ақылы негізде ТМККК және МӘМС кіретін қызметтерді алуға жолдау (10,7%), ақпараттық жүйелерде нақты көрсетілмеген қызметтерді анықтау (10,6%), дәрілік препараттармен қамтамасыз етуден бас тарту (8,5%) мәселелерін құрайды.
«Қор тарапынан медицина қызметкерлері үшін оқыту онлайн семинарларын өткізу, олардың білімін өлшеу арқылы халыққа қызмет көрсету бойынша жұмысты арттыруға жеткізушілермен өзара іс-қимыл және ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Өңірлер деңгейінде денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін арттыру, оларды кадрлық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу қажет», - деп атап өтті Болат Төкежанов.
Сонымен қатар, ӘМСҚ басшысының пікірінше, пациенттер денсаулық сақтау қызметтеріне аса талап қоя бастады және МӘМС жүйесіне көбірек тартылды, бұған сақтандырылғандар мәртебесінде медициналық көмек алуға қатысты мәселелер мен өтініштер санының өсуі дәлел.
Алайда, Қор басшысының пікірінше, медициналық ұйымдардың өзінде пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтерінің жұмысын жолға қою, өзінің бекітілген халқының мұқтаждықтарына жауапкершілікпен қарауы қажет.
Бүгінгі таңда пациенттер өз медициналық ұйымдарында тиесілі көмек ала алмағандықтан Қорға, Денсаулық сақтау министрлігіне немесе Денсаулық сақтау басқармасына жүгіну арқылы өз құқықтарын қорғауды іздеуге мәжбүр.