№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медициналық сақтандыру қорына қызылордалықтардан 300-ден астам шағым түсті

Медициналық сақтандыру қорына қызылордалықтардан 300-ден астам шағым түсті


2022 жылдың 9 айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалына Қызылорда облысының медициналық мекемелерінің қызметіне қатысты 351 шағым түсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (157 шағым) шағымдар саны 2,4 есеге өскен. Бұл туралы біздің тілшімізге Қызылорда облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахимов мәлімдеді.
А. Рахимовтың айтуынша, өтініштердің себептері: дәрі-дәрмектердің болмауы, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күту, емханалар мен ауруханалардағы медициналық көмектің сапасы, медициналық ұйымдар қызметкерлерінің дәрігерлік этика мен деонтологияны сақтамауы, ауруханаға жатқызудан бас тарту және т.б.
«Қор жеткізушілерді халыққа қызмет көрсету жұмысын жақсартуға ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатқанын атап өткім келеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсететін қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жалғастыруда», - деді А.Рахимов.
Егер пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе тиісті түрде көрсетілмесе, онда 1406 нөмірі, «Qoldau - 24\7» мобильді қосымшасы немесе «SaqtandyruBot» Telegram-бот бойынша жүгіну қажет. Қордың мамандары мен сарапшылары жедел жауап беріп, қажетті көмек көрсетеді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және
өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
21 қараша 2022 ж. 228 0