№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медициналық қызметтердің сапасына шағымдар 1406 байланыс орталығында қабылданады

Медициналық қызметтердің сапасына шағымдар 1406 байланыс орталығында қабылданады


2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тарапынан 1406 бірыңғай call - орталығы жұмыс бастады. Еліміздің барлық өңірлерінен 20-дан астам оператор МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтарға жауап береді және пациенттердің медициналық қызметтер сапасына шағымдарын қабылдайды.


Біздің тілшімізге Call орталығының операторы Нұршат Маратқызы хабарлағандай, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының байланыс орталығына күн сайын 150 қоңырау келіп түседі, ай сайын 3 мыңға жуық. Көбінесе жұмыс істемейтін, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жүгінеді. Абоненттер келесі сұрақтарымен хабарласады: МӘМС-ке қалай дұрыс төлеу керек, БЖТ дегеніміз не, медсақтандыруда жеңілдік мәртебесін қалай алуға болады және т. б.
«Мысалы, сәуір айында МӘМС-да төлемдері мүлдем жоқ тұрғын жүгінсе, 2023 жылғы сәуірден бастап 2024 жылғы наурызды қоса алғанда 12 айға төлемдерді жасауды ұсынамыз», - дейді Нұршат Маратқызы.
Медициналық қызметтердің сапасына қатысты шағымдар аз емес. Күніне шамамен 3-4 өтініш қабылдаймын, деп хабарлады оператор. Мәселен, медицина қызметкерлерінің дөрекілігіне, медициналық көмекке немқұрайлы қарау, медициналық қызметке жолдаманы дұрыс ресімдемеу, медициналық көмек көрсетуден бас тарту және тағы басқаларға шағымдар түседі.
«Бізге жүкті әйел жүгінді, оған Қызылорда қаласындағы клиникаларының бірінде тегін стоматологиялық көмек көрсетуден бас тартқан. Бұл медициналық ұйым медициналық сақтандыру қорының медициналық қызмет көрсетушілерінің қатарында. Тағы бір мысал. Емхана дәрігерлері сақтандырылған науқасты ақылы талдауға жіберген. Екі жағдайда да мәселелер пациенттердің пайдасына шешілді. Заң бұзушылыққа жол берген медициналық ұйымдарға айыппұл салынды», - деп атап өтті Нұршат Маратқызы.
1406 байланыс орталығына өтініштер ресми байланыс арналары арқылы да қабылданады: «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты, Telegram-дағы @SaqtandyrýBot.
25 сәуір 2023 ж. 223 0