Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » САЯСИ КЕҢЕС ПЕН САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ

САЯСИ КЕҢЕС ПЕН САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ

Бүгін аудандық партия филиалында Саяси кеңес пен Саяси Бюросының бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе: 2021-2024 жылдар аралығында аудандық маңызы бар ауылдық округтер, кенттер мен ауыл әкімдерінің сайлауында партия атынан сайланған әкімдердің есебтерін тыңдау. Атап айтқанда Екпінді ауылдық округінің әкімі Қожамжаров Қайрат, Қосүйеңкі ауылдық округінің әкімі Ахтаев Әлімхан және Жаманбай батыр ауылдық округінің әкімі Абдуллаев Әлібектің Сайлауалды бағдарламалары аясында жасалынған жұмыстары бойынша есептері тыңдалды.
Өз кезегінде ауылдық округ әкімдері жол мәселесі, абаттандыру, түнгі жарықтандыру, көркейту, көгалдандыру мен тазалық және өзге де жұмыстарға жан-жақты тоқталып, кеңінен айтып өтті.
Басқосуда ауыл әкімдері елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық өсу қарқыны мен білім, денсаулық, қоғамдық ахуал және әлеуметтік инфрақұрылым мәселелерінің іске асуын баяндады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселе толық қаралып, бюро мүшелерінің шешіміне сәйкес тиісті қаулылар қабылданды.
17 шілде 2024 ж. 144 0