» » ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Аудандық партия филиалында «АМАNАТ» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.
Жиын барысында AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іске асырудың Жол картасының бірінші жарты жылдықтағы орындалу барысы туралы және Аудан көлемінде жүргізіл жатқан құрылыс нысандарының сапасы туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы А.Оразбековтың есебі тыңдалды партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Жол картасының орындалмау қаупі бар тармақтары бойынша тиісті деңгейде жұмыс жасау керектігін жеткізді. Сонымен қатар электр желілерінің тозу деңгейін төмендету бойынша жасалынып жатқан жұмыстар мен газдандыру мәселелеріне қатысты көкейде жүрген сауалдарын қойды. Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары әсіресе Жаңарық ауылдық округіндегі «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 300 орындық мектеп құрылысының сапасына тоқталып өтті.
19 шілде 2024 ж. 175 0