№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ресми құжаттарға "Апостиль қою?" деген не?

Ресми құжаттарға "Апостиль қою?" деген не?


Фото: syrdidary.kz
Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба ( штамп).
Кез келген құжат ұсынушының өтініші бойынша құжаттың мәтіннен бос орында не оның арғы бетінде қойылады және уәкілетті мемлекеттік органның елтаңбалық мөрімен бекітіледі.
Апостильді қоюға жататын ресми құжаттар ретінде : мемлекеттік органдардан және Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарынан, сондай ақ, сот органдарынан, прокуратура органдарынан, әкімдерден және басқаларынан шығатын құжаттар; нотариаттық расталған құжаттар.
Апостиль қою үшін ұсынылатын құжаттар анық және нақты жазылуға, лауазымды адамдардың қолдары және мөрлердің бедері анық болуы тиіс.
Ресми құжаттарға апостиль қоюда мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының талаптарына сәйкес өтініштер мемлекеттік корпортация немесе «электрондық үкіметтің « веб-порталы арқылы қабылданады.
Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілген қызмет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті /Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты/ және оның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органдары бұдан әрі, көрсетілетін қызметті беруші.
Апостиль, оны ұсынылған құжатқа қою мүмкін емес болған жағдайда қағаздың бөлек парағында қойылуы мүмкін.
Бұл жағдайда құжаттың парақтары мен апостилі бар парақ кез келген түсті жіппен /арнайы жіңішке баумен, лентамен/ бірге тігу жолымен бекітіледі және нөмерленеді, бұл туралы «жұлдызшада» тиісті жазу жүргізіледі.
Бүгінгі күні «Сот кабинеті» сервисінде «Апостиль қою» функционалы іске қосылған.
«Апостиль қою» функционалы арқылы сот актісін қолына алмаған азаматтар сол сотқа сот актісінің көшірмесін қайта беру туралы электронды арыз бере алады.
Соттың ведмостволық архивінде сот актісі бар болған жағдайда оның көшірмесі мен мемлекеттік баж төлеу қажеттігі туралы хабарламаны арызданушының жеке кабинетіне бекіту үшін жібереді.
А.Нысанбаева
Жаңақорған аудандық сотының бас маманы.
17 шілде 2024 ж. 170 0