№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ресми құжаттарға қол қою стилі

Ресми құжаттарға қол қою стилі


Апостиль (Apostille) — ресми құжаттарға қойылады және құжатқа қол қойған уәкілетті тұлғаның қойған қолының туралығын және осы құжатқа басылған мөрдің түпнұсқалылығын куәландыратын арнайы мөртаңба. Апостиль құжаттардың түпнұсқаларына, нотариаттық куәландырылған көшірмелерге, нотариаттық куәландырылған аудармаларға қойылады.
Нақтырақ айтқанда, апостиль рәсімі Қазақстан Республикасынан ресми түрде берілген құжаттың шетмемлекет аумағында да заңдық күшін жойдырмайды. Апостильді растау, құжат берілген мемлекетте ғана рәсімделеді, демек, Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары арқылы қазақстандық құжаттарға ғана қойылады.
Негізінде апостиль білім алғаны, жұмысы туралы құжаттарда, дипломдарда, куәліктерде, жылжымалы мүлік туралы, т.б. құрылтайшы акттерде қажет етеді.
Апостильде қолданылатын мәтіндер:
Апостильді растау жасаған мемлекет пен қаланың атауы;
Құжатқа қол қойған тұлғаның аты-жөні мен атқаратын қызметі;
Растайтын мөртабан (штамп), оның қойылған күні мен құжаттың нөмірі;
Органның аты, мекеменің мөрі және апостильге жауапты қызметкердің қолы болуы тиіс.1961 жылы Гаага Конвенциясынакіретін мемлекеттер үшін заңдастыру бойынша оңайлатылған консулдық тәртіп енгізілді. Апостиль, тек қана Конвенция мүшелігіне кіретін мемлекеттер ішінде заңды болып табылады.
  Сондай-ақ заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар. Бұл негізінен коммерциялық құжаттарға қатысты: шарттар, инвойстар, коносаменттер, түрлі тауарды таратушы құжаттар және сыртқы экономикалық қызметке байланысты өзге құжаттар, олар үшін жекелеген рәсім бар – құжат ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасында, бұдан кейін баратын елдің консулдығында заңдастырылады.
  Содан бері осы қызметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот қызметін қамтамасыз ету департаменті атқарып келді. Құжаттарға апостиль қою үшін еліміздің кез келген өңірінен тікелей сотқа жүгініп немесе сол өңірдің халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады.
Жаңақорған аудандық бас маманы
А.Нысанбаева
18 сәуір 2022 ж. 713 0